Автоматтандырылған бағдаршамдар орнатылады

Сайт әкімшілігі

24.11.2020, 17:05

121

Шымкент қаласында цифрландыру бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Бүгінде қоғамдық көлік саласына ақпараттық-технологиялық жүйелерді енгізу — басым бағыттардың бірі.

Цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Маратұлының айтуынша, пилоттық режимде Тәуке хан даңғылының 3 қиылысында (Қазыбек би, Тәшенов және Дулати көшелерінің қиылысы) жол қозғалысын реттейтін автоматтандырылған бағдаршамдар орнатылды. Интеллектуалды көлік жүйесі нәтижесінде қалада қиылыстардағы көлік қозғалысы тиімділігі 42-48 %-ға артып, кептелістер санының азаюы, өткізу қабілеттілігінің жоғарылауы сынды оң нәтижелерге қол жеткізілді.

Бүгінде аялдамаларда қоғамдық көлік қозғалысының уақыты, ағымдағы уақыт, ауа температурасы көрсетілген ақпараттық тақта орнату күн тәртібіндегі өзекті мәселе. 

Басқарма басшысының айтуынша, осы бағытта әр аялдамада ақпараттық тақта орнату, қоғамдық көліктің GPS трекерлерін 2GIS, Yandex, Open Shymkent қосымшаларымен біріктіру жұмыстары жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде тұрғындарға қоғамдық көліктің жақындағаны туралы үнемі хабардар болуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, автобус жүргізушілерінің жұмыс кестесінің уақытысын қатаң сақтауына септігін тигізеді.

Басқарма мамандарының айтуынша, жобаны жыл соңына дейін жүзеге асыру жоспарлануда.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 12:20
Бөкейде дүбірлеген той өтті
Миуа БАЙНАЗАРОВА 09:44
Сапалы білім – болашаққа құйылған инвестиция
Жарас КЕМЕЛЖАН 09:10
Сейітқазы Матаев: Төртінші билік? Биліктің көзіне шыққан сүйелміз
Еркежан АРЫН 25.10.2021, 08:48
Қазақстандағы гендерлік саясат үнемі сабақтастық пен тепе-теңдік принциптеріне негізделген
Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 19:13
Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ауыр атлетикадан жасөспірімдер турнирі өтті
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.10.2021, 14:40
Тас жолдарды тоздырған жүк көліктері жүгенсіз кетті

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01