Азаматтық белсенділер марапатталды

Сайт әкімшілігі

26.11.2020, 17:18

186

Шымкентте «Қоғам және мемлекет: серіктестік пен дамудың 30 жылы «Birgemiz» IX азаматтық форумы аяқталды. Форумның ерекшелігі – республиканың барлық өңірінен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері онлайн платформа арқылы бас қосты.

Мәжіліс отырысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мен Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың құттықтау сөзімен басталды.

– Форум барысында түрлі деңгейде 40-қа жуық диалог алаңы ұйымдастырылды. Орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары деңгейінде 12 кездесу өткізілді. Форум қорытындысы бойынша 650-ден астам нақты ұсыныстар түсті. Бұл орайда билылғы ІХ Азаматтық форум жұмысы да жемісті болды деп айтуға негіз бар, — деді Аида Балаева.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында азаматтық қоғамды дамыту және үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру жайлы айтқан болатын.

Шымкент қаласында 800-ге жуық үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Азаматтық қоғам мүшелері қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлес қосуда.

Аталған форумның марапаттау рәсімінде, үкіметтік емес ұйымдарға арналған диплом мен сыйақы еліміздегі әлеуметтік міндеттерді шешуге белсене атсалысып, азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуына өз үлестерін қосып жүрген үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне табысталды.

Шымкент қаласынан «Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу» бағыты бойынша «Сана сезім» әйелдер бастамасы құқықтық орталығының төрайымы Шахноза Кулабдуллақызы Хасанованы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан марапаттады.

Форумның ресми бөлімінен кейін, қала әкімінің бірінші орынбасары қоғамды дамытуға бағытталған әрбір жоба мен шешімін күткен өзге де мәселелерді қозғап, бірлесіп жұмыс атқаруды ұсынды. Үкіметтік емес ұйымдармен бірігіп жасайтын алдағы жоспарлар талқыланып, нақты міндеттер бекітілді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:14
Орал тұрғындары үйді бұзуға қарсы наразылыққа шықты
Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 08:25
«Мұнайдың үстінде отырып мұнайға жарымаймыз»
Еңлік АРЫҚБАЙ 15.10.2021, 08:23
Мектеп құлап жатыр: рас па?
Сайт әкімшілігі 14.10.2021, 12:01
«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29