«Әзірет Сұлтан» ерекше жобамен жарықтандырылады

Сайт әкімшілігі

15.04.2021, 22:43

208

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» кесенесін түнгі уақытта жартықтандырумен арнайы мамандар айналысуда. Кесенені жарықтандырудың бірегей жобасын жүзеге асыру кезінде мамандардан ескерткіштің даралығын, тұтастығы мен шынайылығын, оның діни және тарихи құндылығын, әрбір бөлшегін сақтау талап етілуде.

Жақын уақытта туристер үшін ерекше тартымды нысандардың Бүкіләлемдік мұралар тізіміне кірген қасиетті мекеннің ғажайып сәулет туындысы алыстан жарқырап, көзге түсетін болады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Жобаның техникалық директоры Бағила Исакова сәулеттің құндылығын паш ету үшін әрбір бөлшегі жан-жақты жарықтандырылатынын атап өтті.

«Бұл кесененің аяқталмай қалған негізгі қасбеті, сегіз бұрышты негізі бар үлкен күмбез және панельдері бар тетраэдрлік негіз, тауашалар, эпиграфиялық өрнектері бар геометриялық өрнектері бар жылтыратылған плиткалар. Қасиетті жер екенін көрсететеді және намаз оқуға да, туризмге де қолайлы атмосфера жасайды», — дейді жоба жетекшісі.

Жобаға кіріспес бұрын Айя София (Ыстамбұл, Түркия), Шарджа (Шарджа, БАӘ) және басқа да мешіттерде жасалған ұқсас жобаларды тыңғылықты зерттеу және талдау жұмыстары жүргізілді. Жоба «Қазреставрация» РМК мен «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы мамандары, реставраторлары мен археологтарының ұсыныстарын ескере отырып жүзеге асырылады.

Дербес жарықтандыру шешімі заманауи жарықдиодты технологияның және әртүрлі шамдарды қолдану нәтижесінде жасалады. Ясауи кесенесін жарықтандыру жобасында шамамен 187 шам қолданылады. Кесене қабырғаларын біркелкі жарықтандыру үшін реставрациялық материалдардың түпнұсқалығын ескере отырып, жерге әр түрлі оптикадағы сызықтық шамдарды қолдану туралы шешім қабылданды.

Мамандар жобаны тестілеу кезінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің сыртқы келбеті безендірілген керамиканың ерекше қасиеті анықтағанын айтады. Оптика мен жарық сипаттамаларының өзгеруі кезінде эпиграфиканың әртүрлі элементтері көрінеді, яғни кесене қабырғаларында каллиграфиялық жазулар көрінетін болады. Кесененің дәл осы таңғажайып көрінісі жарықтандырудың ең негізгі ерекшелігіне айналмақ.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 13:15
Теңізде жұмысшылар ереуілге шықты
Сайт әкімшілігі 25.07.2021, 16:55
Жөлек ауылында алғашқы дауыс берген адамға сыйлық берілді
Б.СӘРСЕНБИ 23.07.2021, 16:06
Батысқа көмек! Оңтүстік осындай ұранмен Маңғыстауға жемшөп жіберіп жатыр
Еркежан АРЫН 23.07.2021, 12:44
Биыл Нұр-Сұлтанның қандай аудандары газдандырылады?
Миуа БАЙНАЗАРОВА 22.07.2021, 10:48
Аралда төтенше жағдай
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.07.2021, 09:19
Қуаңшылық мал азығын қымбаттатты

Аңдатпа


  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15
  • «Жас Алаш» Түркістан төрінде
    07.07.2021, 08:59
  • Жайыққа келді «Жас Алаш!»
    28.06.2021, 09:02
  • "Жас Алаштықтар" "Қазақстанның құрметті журналисі" атанды
    24.06.2021, 13:55