Байбектің заңгері: «Мамай барлық жалған айыптауларын жоққа шығаруы тиіс»

Сайт әкімшілігі

17.08.2021, 15:25

752

Байбектің заңгері сот шешімі туралы  «Мамай барлық жалған айыптауларын жоққа шығаруы тиіс» дейді. Бұл туралы ол парақшасында жазды:

Құрметті достар!

Кеше Алматы қаласы сотының апелляциясы Әуезов аудандық №2 сотының Б.Байбектің ар-намысын, абыройын және іскерлік беделін қорғау жөнінде Ж.Мамай мен И.Иманбаеваға қарсы берген талап-арызы бойынша шешімін өз күшінде қалдырды.

Шешім заңды күшіне енді. Осылайша, жауапкерлер бұған дейінгі барлық жалған айыптауларын жоққа шығарып, тиісті материалдарды өшіруі тиіс.

Бауыржан Байбек ашық және жария өткен сот отырысында өзінің кінәсіз екендігін заң жүзінде толық дәлелдеді. Бұған дейін ол өзінің ұстанымын ашық түрде жариялап, ресми құжаттарды көрсетіп, егжей-тегжейлі сұхбат бере отырып Ж.Мамайдың өтірігі мен жала жабуын теріске шығарды. Бұған сілтемеге өту арқылы әркім көз жеткізе алады: 

https://www.youtube.com/watch?v=sW0hsZRV6dU&fbclid=IwAR2qb18Spcn1_Bllt2H34_rLiXicMHKPpHIHFWtH9oDNRVn6BKdDTLe9RnQ

Заңгер және айқын зерделей алатын адам ретінде маған жауапкерлердің айыптауларының абсурдтығы және тиісінше сот ісінің нәтижелері әуел бастан айқын болды.

Жалпы сот отырыстары нағыз «соқыр мен саңыраудың» әңгімесі форматында өтті. Талапкер тарапынан – логика мен фактілерге толы құжаттар, сараптамалық материалдар, заңның нақты тармақтарына сілтемелер ұсынылса, ал жауапкерлер мен олардың үш өкілі тарапынан – эмоция мен жалаң мәлімдемелер, фактілерді бұрмалау, алыпқашпа әңгіме айтылды, ешқандай құжаттың болмауы, тіпті кейбір жерде қарапайым сауатсыздық орын алды. Қорытынды отырыс неғұрлым жақындаған сайын, жауапкерлер тарапынан байбаламға ұласқан үрей күшейе түсті.

Сот процесінің барлық сатыларында жауапкерлердің басқа іспен айналысып, сотқа дайындалмағаны көрініп тұрды. Ең алдымен олар талап-арызға сансыз парақтан тұратын шағым түсірді. Бұл шағымнан сот та, талапкердің өкілі ретінде мен де жарияланған айыптаулар бойынша ешқандай дәлел келтіре алмағанын көрдік. Бұл жай ғана посттар, БАҚ пен аноним телеграм-каналдарда жарияланған хабарламалар, сондай-ақ іске мүлде қатысы жоқ түсініксіз анықтамалар мен құжаттардың жиынтығы еді. «Мамайдың жинағын» жай ғана макулатура деп сенімді түрде айтуға болады.

Бұл сот отырысы кезінде де расталды. Отырыстар барысында Ж.Мамай мен И.Иманбаева бос және дөрекі айыптауларға негізделген алдын-ала дайындалған бір мәтінді ғана оқи берді. Бірде-бір дәлелі немесе құжаттары жоқ. Тек эмоция мен құрғақ сөз. Мұның бәрі сотқа қарсылық көрсетумен, бос өтініштермен, айқаймен, тіл тигізумен, жөнсіз, шулы мәлімдемелермен жалғасын тапты.

Ж.Мамай мен И.Иманбаева сот отырысын заң талаптары бойынша өзінің құқықтарын қорғайтын орын емес, саяси мінбер деп қабылдайтыны түсінікті болды.

Заң және кәсіби этика бойынша заңның сақталуына, ақиқатқа жетуге ықпал етуге міндетті болғанымен Мамай мен Иманбаеваның заңгерлері олардың деструктивті әрекеттеріне толық қолдау білдірді. Осы уақыт аралығында мен олардың бірде-бір түсінікті және заңды түрде расталған құжатын көре алмадым. 3,5 ай ішінде кәсіби диалог құрылған жоқ. Сот барысында келесі отырыстарда ұмытылып кететін қандай да бір қисынсыз өтініштер айтылды. Ұшы-қиыры жоқ мәлімдемелер жасалғанымен, бірде-бірінің мән-мағынасы болмады. Мен бұған қарсыластарымның назарын аударғанымда олар мұны жеке басқа тиісу ретінде қабылдады. Алайда мен бір ғана нәрсені – тек жауапкерлер заңгерлерінің өз жұмысына жауапты қарауын талап еткен болатынмын.

Мен бұл сот ісінің бүкіл қазақ қоғамы үшін маңыздылығын атап өткім келеді.

Біріншіден, осы процестің арқасында Ж.Мамай мен И.Иманбаева өздерін өздері әшкереледі. Көпшілік олардың шынайы бет-бейнесін көрді. Яғни, «маскалары шешілді». Ж.Мамай мен И.Иманбаеваның жалған, өнегесіз және ешқандай принципсіз болмысы ашылды. Саяси амбициясы бар адам үшін бұл өзін-өзі өлтірумен тепе-тең деп ойлаймын. Енді Ж.Мамай мен И.Иманбаеваның кім екенін барлығы білетін болады.

Екіншіден, жария түрде жала жапқаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша құқықтық прецедент жасалды. Кінәлілер өздерінің заңсыз әрекеттері үшін лайықты жазаға тартылды. Жалаң ұранды жамылып, басқаларды негізсіз кінәлауға ешкімге де жол берілмейді.

«Жаңа медианың» өмірімізге жан-жақты ықпалын ескерсек, жеке адамның, отбасының, балалары мен туыстарының құқықтары мен мүдделерін қозғайтын және қорлайтын жала жабу әркімнің де басына түсуі мүмкін.

Еліміздегі әрбір адам өзінің әлеуметтік мәртебесі мен жағдайына, саяси көзқарастары мен орныққан пікіріне қарамастан, сотта өзінің адалдығы мен абройын заңды түрде қорғай алатынына сенімді бола алады!

Бұл процесс – қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, өз сөздері мен іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті арттыруға жасалған елеулі қадам. Бұл кез-келген демократиялық және құқықтық мемлекеттің негізгі және бұлжымас құндылықтары мен принциптері!

Қорыта айтқанда, маған сенім білдірушінің өкілі және Қазақстан Республикасының азаматы ретінде мен сот шешімінің толық орындалуына міндетті түрде қол жеткізетін боламын.

Жоғарыда айтқанымдай, кешегі күннен бастап сот шешімі күшіне енді. Бұдан әрі қарай бұл талапкер тарапының бастамасы емес, бұл – атқарушылық іс жүргізу туралы заңнама талабы. Енді Ж.Мамай мен И.Иманбаева үшін екі жол бар, яғни бұл істің олар үшін екі соңы бар. Жауапкерлер шешімді ерікті немесе мәжбүрлі түрде орындауды таңдайды, екіншісі әрине заң талабы бойынша. Егер Ж.Мамай мен И.Иманбаева шешімді орындаудан жалтарса, мен шешімді мәжбүрлеп орындату бойынша шаралар шеңберінде талап ететін боламын.

Осыған байланысты, жауапкерлерге заңда сот шешімін орындаудың бұлтартпастығын қамтамасыз ететін нақты шаралар мен мерзімдер жазылғанын түсіндіргім келеді.

Бұған мүлікке тыйым салу, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті алып қою, борышты өтеу үшін мүлікті өткізу, өз мүлкіне қатысты іс-әрекеттер жасауға тыйым салу, шетелге шығуға шектеу қою және т.б. кіреді. Сондай-ақ, төлем мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін мемлекет кірісіне 2 АЕК мөлшерінде өсімпұл бар.

Бұдан басқа, сот шешімін 6 айдан астам орындамау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады: 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бостандығынан айыру.

Шешімді орындаудың қай жолын таңдайтынын Ж.Мамай мен И.Иманбаева өздері шешеді. Қалай болғанда да Заңның орындалары сөзсіз!

Естеріңізге сала кетейін, Ж.Мамай мен И.Иманбаевадан талапкердің пайдасына өндіріп алынуы тиіс 800 мың теңгеден астам сомадағы сот шығындары Б.Байбектің шешімі бойынша «Болашақ» корпоративтік қорының қайырымдылық көмегі шеңберінде аутизмі бар балаларға жіберілетін болады.

Осынау ұзаққа созылған процестің нәтижесі бойынша біз адамның және азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиеті қызметінің түріне немесе қоғамдық мәртебесіне қарамастан, әрқайсымызға Конституциямыз кепілдік берген мызғымас іргелі құқықтар екенін дәлелдедік!

P.S. Кеше сот қорытындысы бойынша Ж.Мамай өз жақтастарына арнап өтірік пен абсурдқа толы тағы бір бейнеролик шығарды. Бұл «саяси өлікке» айналған жанның жанұшыра жанталасып жатқанын еске түсіреді. Естеріңізге сала кетейін, маған сенім білдіруші өзінің сұхбатында жауапкердің жеке тұлғасына да, оның кәсіби қасиеттеріне де дәл баға берді. Сіз бұған төменде қоса беріліп отырған видеоны көре отырып көз жеткізе аласыз. Мен мұндағы әр сөзге толықтай қосыламын!

Құрметті достар! Мен сіздердің жолдарыңызда Мамай сияқтылардың кездеспегенін қалар едім! Ал егер сіз жала жабу мен жалған айыптауларға тап болсаңыз, онда ешқандай жағдайда мұндай адамдардың әрекетіне жол беріп, жазасыз қалдыруға болмайды!

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 15:00
Оралда көкөніс өсіру тиімді бизнес
Миуа БАЙНАЗАРОВА 08:40
Әділхан ЖӨЛЕКЕШОВ: Оқушыларымыз карантиндік талапқа сай білім алуда
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2021, 18:23
Қарағандыда құрылыс басында қазалы жағдай орын алды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2021, 16:55
Нұралықтар-қауырт қимыл үстінде
Таңшолпан ҒАЗИЗҚЫЗЫ 17.09.2021, 11:38
Қоқыс та қордалы мәселе
Мариям МАҚСАТ 17.09.2021, 09:13
«Басшымыз күн көрсетпейді»

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39