22.02.2021, 10:52
1284
Бір күн бұрын Байқоңырда жоғалып кеткен жеті жасар Ерхан Анастың өлімінің себебі аталды, — деп хабарлайды «Жас Алаш».
Баланың денесі Байқоңырдан 500 метр қашықтағы Сырдария өзеніндегі қалқыма көпірден жоғары мұз жиегінде табылған.
Оқушының денесінде зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Ол суға батып кеткен.
«Сот-медициналық сараптама өлім себебі суға батуға байланысты механикалық асфиксия болғанын анықтады. Мәйітте басқа дене жарақаттары жоқ. Ерхан Анасқа қатысты зорлық-зомбылық жасалғаны туралы деректер жоқ», — деп хабарлады құқық қорғау органдары.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр, сондай-ақ авиациялық техника, сүңгуірлер, Байқоңыр тұрғындары, еріктілер жұмылдырылған екінші баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Еске салайық, 20 ақпанда Байқоңырда «Маяк» спорт кешенінде өткен жаттығудан кейін екі жеті жасар бала жоғалып кеткені хабарланған еді. Ресей тергеу комитеті екі жас баланың жоғалып кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР