Байқоңырлық педофил қалған өмірін түрмеде өткізеді

Нұр-Қасым ЖОМАРТ

14.12.2020, 09:30

816

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жас баланы зорлаған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Бұрын ауыр қылмысы үшін сотты болған күдікті көршісінің алты жасар баласын доп беремін деп алдап, пәтерінде онымен жыныстық қатынас жасаған. Баланың қарсылығына қарамастан, айқайласаң «өлтіремін» деп қорқытып, зорлаған ол сот талқылауында кінәсіз екенін, тағылған айыптауды мойындамаған.

Дегенмен, тергеп-тексеру кезінде тағайындалған сот сараптамалары оның зорлағаның анықтаған. Сондай-ақ, жәбірленуші мен куәлардың жауаптары соттың үкімінде негізге алынған.

Прокурор сотталушыға 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, ал қорғаушы сотталушының кінәсін дәлелдейтін айғақтардың болмауына байланысты толықтай ақтауды сұраған.

Сот отырысында алқабилер алқасы сотталушының қылмыстық әрекеттер жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Оны сот үкімімен ҚК-тің 120-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер: зорлық зомбылық қылмыс оқиға

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 16:37
Балқаштағы ұшақ апатының салдары мәлім болды
Сатан НҮСІПҚОЖАЕВ 12:21
«Жер сатылмайды» дейді...
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 12:17
Жайықтың өзі қымбат па, жағалауы қымбат па?
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 20.04.2021, 10:35
Оралда әйелін өлтірген шенеунік қамауға алынды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 20.04.2021, 10:10
Жыры бітпеген электронды жүйе
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.04.2021, 15:25
Кәсіпкердің көлігі өзеннен табылды

Аңдатпа


  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32