29.04.2021, 10:38
2470
Балқаштың байлығына дәндеген броконьер көлдің балығын моторлы қайықпен аулап құныққанға ұқсайды. Осы жолы ол дәл осы сипатта қолға түсті. Полицейлер күдіктінің қайығынан 89 келі әртүрлі балықты тәркіледі. Келген шығын мөлшері 400 мың теңгені құрайды. Бұған дейін Балқашта заңсыз балық аулауға қатаң тыйым салынға болатын. Қылмыстық жауапкершілікке тартылған азамат Приозерск қаласының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазір оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Еске сала кеткен жөн, 26 сәуірде Қарағанды облысының және Балқаш қалалық полиция қызметкерлерінің бірлесуімен «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілген болатын.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР