Бас санитарлық дәрігерді сотқа берді

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

08.04.2021, 13:05

1181

        Карантиннен қажыған Қарағанды тұрғындары «конституциялық құқығымыз бұзылды» деп, облыстағы бас санитарлық дәрігерінің үстінен сотқа арызданды. Қала тұрғындары карантин салдарынан құқықтары бұзылып, емін-еркін өмір сүруден қалып бара жатқандарына наразы болуда.Бүгінгі таңда сегіз қала тұрғыны азаматтық іс бойынша сотқа арыз берген. Олар бас санитарлық дәрігердің карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы қаулысының күші жойылсын деп талап етеді.  Сотқа арызданғандар  «Вирус баяғыдан бар, ол бола береді, мұнымен бізді қорқыта беріп керек емес. Негізсіз карантин шараларынан, маскадан шаршадық,  жұмыс жасай алмаймыз, елде жұмыссыздық жайлады. Сауда жасау,  жұмыс істеу,  білім алу құқығымыздан айырылып отырмыз» деп наразы пікірлерін білдірді.Сотқа шағымданған жанның бірі, заңгер Ирина Фурсова алдағы уақытта  шағым білдіретіндер қатары 300-ге жетеді деп отыр. 

Ол карантиндік шектеу шараларын күшейте беру шын мәнінде адамның құқығын таптау деп есептейді.   

– Бір жыл бойы денсаулық сақтау саласының шенеуніктері тарапынан  коронавирусты жеңіп, елдің әлеуметтік деңгейін қайта қалпына келтіруге қатысты шаралары ешқандай нәтиже берген жоқ. Сондықтан біз заң аясында сотқа жүгініп,  өз құқығымызды қорғауды дұрыс деп шештік.  Әрине, алғашқы арызды олар кері қайтаруы мүмкін, бірақ біз бұл жолда шаршамай, қайта-қайта арызданудан жалықпаймыз. Тұрғындар тарапынан жазылған бірнеше арызды сот тарапы кері қайтара берсе, оны қанағаттанарлық деңгейде қарамаса,  онда бұл елде азаматтың құқығы жоқ деген сөз, бұл сонда құқықтық мемлекет емеспіз дегенді көрсетеді, – деп мәлімдеді «Жас Алаш» газетіне сұхбат берген заңгер Ирина Фурсова.      

Ирина Фурсоваға сотқа шағымдануға ниет білдірген бірнеше теміртаулық кәсіпкерлер хабарласып, көмек сұрапты. Жақында теміртаулық кәсіпкерлер «Жұмыс беріңдер», «Жұмыс істеуге мүмкіндік беріңдер» деген жазуы бар  плакаттар іліп тастаған болатын. Теміртау қаласында карантиндік шектеу шаралары  күшейтілгендіктен, қоғамдық тамақтану орындарына билік кешкі  сағат 20:00-ге  дейін ғана жұмыс жасауға рұқсат берген. Теміртаулық кәсіпкерлер биліктің мұндай шектеуінен кейін кәсіптерінің құлдырап бара жатқанын айтып дабыл қағуда. Енді осы кәсіпкерлердің біразы сотқа шағымдануға ниет білдіріп отыр.     

Бас санитарлық дәрігерді бірінші болып сотқа берген қарағандылық Ольга Юрковская президентке, үкімет басшысына, барлық сот орындары мен атқарушы билікке және денсаулық сақтау саласына бағыттап петиция жазған. Ол петицияда еліміздегі  карантинді алып тастауды және барлық шектеу шараларын енгізген қаулылардың күшін жоюды талап етеді. Әлеуметтік желіге тараған  бұл петицияға келіскен тұрғындар үшін  қол қоюға мүмкіндік бар. Бүгінде петицияға 3000-ға жуық тұрғын қол қойып үлгерген.      Санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаменті қарағандылықтардың сотқа шағымдануына қатысты сұхбат беруден бас тартты.

Тегтер: медицина коронавирус ПТР тест анықтама

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 16:35
Нұр-Сұлтанда 70 мектеп салынады
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 03.12.2021, 14:24
Жалақысы 2 миллионға жуықтаған әкім
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 03.12.2021, 10:15
Кәсіпкер әйелдер көбейіп келеді
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 03.12.2021, 08:47
Советский, Карл Маркс, Полторацкий
Сайт әкімшілігі 01.12.2021, 17:01
Нұр-Сұлтанда мұқтаж жандарға 56 азық-түлік себеті таратылды (видео)
Сайт әкімшілігі 01.12.2021, 15:20
Түркістанда 40-тан астам полицей марапатталды

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00