18.01.2021, 10:03
2163
«Жас Алаш» сайтының редакциясына Алматы облысы, Талғар ауданы, Нұра, Туғанбай ауылының тұрғындары хабарласып облыс әкімі Амандық Баталовқа деген арман-арыздарын жеткізуімізді сұрады.
«Жас Алаш» сайтының тұрақты оқырманы Оразбай Ахметовтің айтуынша. Алматы облысы, Талғар ауданы, Нұра Туғанбай ауылының тұрғындары Алматы қаласының дәл қасында тұрса да қоғамдық көлік мәселесі шешілмегендіктен 18 мыңға жуық тұрғыны бар елді мекендерде жұмыссыздық белең алып отырған жайы бар.
— Оған басты себеп қол жетімді қоғамдық көліктің болмауы. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мырзаның атқарып жатқан оң іс шараларын ескере отырып, Алматыдан Жетіген ауылына дейін үздіксіз жүріп тұрған 220 жолаушылар автобусының бағытын Жетіген ауылының қасында 7-8 шақырым жерде орналасқан Нұра, Туғанбай ауылдарына дейін созуға және осы ауылдарға көгілдір отын-газ тарту мәселесінде шешер деген үмітпен хат жолдап отырмыз. Жұмыссыз жүрген ауыл адамдарының жағдайы күннен күнге ауырлап барады. Соның салдарынан мал ұрлығы да күрт өсіп келеді. Мына хатты Нұра, Туғанбай ауылының 102 тұрғыны қол қойып Алматы облысының әкіміне жолдап отырмыз,-дейді Оразбай Ахметов.
Төменде Алматы облысы әкімі Амандық Баталовқа жолданған хаттың мәтінін қоса жариялап отырмыз. Аталмыш хатқа 102 адам қол қойған:
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР