06.01.2021, 09:43
718
БҚО Теректі ауданындағы қыстаулардың бірінде жасөспірім қыз бірнеше рет зорланған. Қылмыс 2016 жылдың жазында болған, алайда ол туралы қазір белгілі болды, — деп хабарлайды «Жас Алаш» тілшісі «Мой ГОРОД» басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, өткен жылдың қыркүйегінде күдіктіге қатысты ҚР ҚК 121-бабына сәйкес «Кәмелет жасына толмағандарға қатысты сексуалды зорлау әрекетін жасағаны» үшін қылмыстық іс қозғалған.
«Тергеу барысында жаңа жағдайлар анықталды. 33 жастағы азамат 2016 жылдың жазында Теректі ауданында қыстаудағы үйінде кәмелет жасына толмаған қызды бірнеше рет зорлаған. Ол кезде қыз 11 жаста болған, қазір 15-те», — деді полициядағылар.
"Қазір ер адам тергеу изоляторында отыр. ҚР ҚК 121-бабы «Кәмелет жасына толмағандарға қатысты сексуалды зорлау әрекетін жасау» және «Кәмелет жасына толмағандарды бірнеше рет зорлау» 124-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", — деп қосты полициядағылар.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР