Батысты су басып, мал қырылды

Сайт әкімшілігі

04.04.2022, 05:30

1168

Батыс Қазақстан облысында тасқын су салдарынан 108 бас мал қырылды. Бұл туралы «Жас Алашқа» ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті. 

«Бұған дейін сағат 13.00-дегі жағдай бойынша Батыс Қазақстан облысында 172 үй су астында қалғаны туралы ақпарат берілген болатын. Комиссиялық тексерулерден кейін 99 үй су астында қалғаны анықталып, нақтыланды. Ақмола және Қарағанды облыстарындағы жергілікті маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде су тасқыны болды. БҚО Жәнібек ауданы Жақсыбай елді мекенінде су басу салдарынан 108 бас мал қырылды», — делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратында.

Ведомство мәліметінше, су тасқыны кезеңі басталғаннан бері 8 елді мекенде 184 тұрғын және 15 саяжай үйлері, 2 әлеуметтік нысан еріген қар суының астында қалды. Павлодар және Ақтөбе облыстарындағы 43 үйден су бұрылды.

 «841 адам алдын ала эвакуацияланды, оның ішінде 430-ы уақытша эвакуациялау пункттерінде, 411-і туысқандарында орналастырылды. Су басқан 141 тұрғын және 15 саяжай үйлері бақылауда», — деп атап өтеді министрліктен.

Тегтер: төтенше жағдай су тасқыны апат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16.05.2022, 17:47
Республикалық референдумға қатысу – азаматтық борыш
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 16.05.2022, 16:50
Қарағандылық шаруалар қауырт қимыл үстінде
Әділ АҚЫЛБАЙ 13.05.2022, 11:45
Отандық спортқа отандық бизнес демеуші
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.05.2022, 17:11
Қайырымдылық қоғамға пайдалы
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 12.05.2022, 08:07
Сатылған бақтан бақ тайды ма?..
Сайт әкімшілігі 10.05.2022, 06:43
Қостанайда 11 отбасы баспанасыз қалды

Аңдатпа


  • Мәскеуменен Тәшкеннен көш келеді
    12.05.2022, 08:30
  • Әскердегі әлімжеттік пе, әлде?..
    12.05.2022, 08:12
  • Сатылған бақтан бақ тайды ма?..
    12.05.2022, 08:07
  • Қазақша оқыт балаңды!
    05.05.2022, 05:30
  • "Өгіз мүдде"
    05.05.2022, 05:27