Білім басқармасының басшысы күдікке ілінді

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

24.03.2021, 10:57

2389

Қарағанды облысының білім басқармасы бастығы Гүлсім Қожахметоваға қатысты дау-дамай шықты. 

Облыстық білім басқармасы Гүлсім Қожахметоваға және  «КазИнтерСервис — Астана» ЖШС директоры А.Ж Төлеповаға, «Логиком» ЖШС директоры Г.С Шуваловаға қатысты ҚР ҚК  189 бабы 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  

2020 жылдың қараша, желтоқсан айларында мектептерге  2500 компьютерлік құрылғы және 19 000 ноутбук сатып алынған. Құрылғылар жағдайы төмен отбасының балаларына үйде сабақ оқу үшін уақытша таратылған болатын. Құзырлы орын осы компьютерлік құрылғылардың сапасы төмені сатып алынғанын,  ал үнемделген қаражатты әлдекімдердің қалтаға басқанын мәлімдеп отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, 3 миллиард 800 млн теңге шығын келген. Облыстық білім басқармасы сотқа дейінгі тергеудің басталғанын растап отыр. Алайда олар «сапасыз құрылғы алынды» деген ақпаратпен келіспей қарсы уәж айтуда. 

«Барлық компьютерлік техника  жасалған келісімшарттар бойынша техникалық ерекшелікке сәйкес келеді.  Компьютерлік техниканы сатып алу мен оны қабылдауда ашықтықты қамтамасыз ету үшін білім басқармасының бұйрығымен жұмыс тобы құрылды. Оның құрамында 13 адам болған, арасында компьютерлік техника жөніндегі мамандар да болды. Бақылау органдарымен тәуелсіз сараптама жүргізіліп, құрылғылардың талапқа сай екені анықталды. Бұл жерде тек „Құрылғыны басқару және қосымшаларды басқару“ бағдарламасының болуына қатысты сұрақ туындады. Аталмыш бағдарламалар пакеті  тармағында басқару тақтасы арқылы компьютерге орнатылады және жойылады. Бұл процедураны кез келген пайдаланушы жасай алады. Техникалық ерекшелікте бағдарламаны жоюды бұғаттау қарастырылмаған », — деп мәлімдеді облыстық білім басқармасы.

Бүгінде басқарма аудиторлық қорытындыға және компьютерлік техникалар талапқа сай емес деген сараптамалық қорытындыға қатысты қарсылық дайындап отыр.  Даулы іске соңғы нүкте әлі қойылған жоқ.

Тегтер: білім басқарма басшы жемқорлық сыбайлас жемқорлық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 16:35
Нұр-Сұлтанда 70 мектеп салынады
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 03.12.2021, 14:24
Жалақысы 2 миллионға жуықтаған әкім
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 03.12.2021, 10:15
Кәсіпкер әйелдер көбейіп келеді
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 03.12.2021, 08:47
Советский, Карл Маркс, Полторацкий
Сайт әкімшілігі 01.12.2021, 17:01
Нұр-Сұлтанда мұқтаж жандарға 56 азық-түлік себеті таратылды (видео)
Сайт әкімшілігі 01.12.2021, 15:20
Түркістанда 40-тан астам полицей марапатталды

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00