Биыл Жамбылда баспанаға мұқтаж 765 отбасы үйлі болады

Сайт әкімшілігі

11.12.2020, 16:03

126

Жыл басында Таразда «Нұрлы жер»  бағдарламасы бойынша  3025 пәтерді құрайтын 54 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталған болатын. Бұл ретте оның 47-сі жыл соңына дейін толық пайдалануға беріледі десек, олардың басым көбі үй алып үлгерді. Ал қалған 7 үйдің кілті 2021 жылы табысталады. Бұл туралы Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында баяндады.

Ал алдағы уақытта 15-ші мөлтек аудандағы құрылыс жұмыстары  толықтай аяқталатын болса, онда 8 мың 500 отбасыға арналған 190 көпқабатты үй болады. Қазір онда 35 тұрғын үйдің құрылысы аяқталған.  Сонымен қатар, 2019 жылдан өтпелі 16 тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Бұдан бөлек, 10 арендалық және 9 кредиттік тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр.

-«Жоғарыда аталғандарды қорытындылай келе, ағымдағы жылы Сүлейменов көшесінің соңындағы алқапта 45 пәтерлі 15, 60 пәтерлі 12 және 80 пәтерлі 10 кредиттік тұрғын үйлер пайдалануға берілетін болады. Жалпы алғанда 2435 пәтер пайдалануға беріледі»,- деді қала әкімі Айтқазы Қарабалаев.

-Бүгінде Тараз қаласында 18 887 адам үй кезегінде тұр. Жыл соңына дейін аталған тізімдегі  әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы 765 отбасы пәтермен қамтамасыз етіледі,- деп отыр қала әкімі.

Биыл да баспанаға мұқтаж жүздеген отбасыға аталған 15-ші шағын ауданнан пәтер кілттері берілген болатын. 

Бұрындары жастарының «бұзықтығымен» танылған бұл Тараз соңғы жылдары тәртіпке келе бастағандай. Айталық, биыл қаңтар-қазан айларында барлығы 2873 қылмыс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда қылмыс 35,2 пайызға төмендепті. Салыстырмалы түрде айта кетер болсақ, былтыр бір жыл ішінде 4437 қылмыс дерегі тіркелген болатын.

Айта кету керек, биыл тонау, есірткі қылмысы, қарақшылық және ұрлық қылмыстары едәуір төмендеген. Алайда ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстардың тіркелуі көңіл көншітпейді. Яғни, ауыр қылмыстар 92,8 пайызға, қасақана өлтіру 100 пайызға өсіп отыр. Мұндай қылмыстардың ашылуы былтыр 64,9 пайызға, биыл  81,5 пайызға төмендеген.

Биыл Таразда салықтан түскен түсім артыпты. Мемлекеттік бюджетке 41,3 миллиард теңге салық пен өзге де міндетті төлемдер түскен. Оның ішінде,  облыс бюджетіне құйылған салық қаржысы 28,4 миллиард теңгені құрапты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 16:37
Балқаштағы ұшақ апатының салдары мәлім болды
Сатан НҮСІПҚОЖАЕВ 12:21
«Жер сатылмайды» дейді...
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 12:17
Жайықтың өзі қымбат па, жағалауы қымбат па?
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 20.04.2021, 10:35
Оралда әйелін өлтірген шенеунік қамауға алынды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 20.04.2021, 10:10
Жыры бітпеген электронды жүйе
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.04.2021, 15:25
Кәсіпкердің көлігі өзеннен табылды

Аңдатпа


  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32