Бизнес ашсам дегендер аз емес

М.СӘУЛЕБЕК

01.10.2020, 04:57

1598

Биыл Шымкент қаласында өз кәсібін бастаушыларға «Бастау бизнес» жобасы аясында 1 491 мемлекеттік грант беру жоспарланып отыр. Мұндай мәліметті Шымкент қалалық әкімдігі таратты.

 Бүгінгі күнге дейін 1 420 адамға грант беріліп, олар өз кәсіптерін бастауға мүмкіндік алып отыр. Оның 901-і аз қамтылған отбасылардың мүшелері. Қалғандары  көпбалалы аналар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың мүшелері.

1 қыркүйектен бастап, «бизнес ашсам» дегендерге берілетін мүмкіндік артты. Мегаполисте қосымша 3 423 адамға мемлекеттік грант беруге қаржы қарастырылып отыр.

– Аталған 3 423 орынға аз уақыт ішінде 7 мыңға жуық қала тұрғыны құжат өткізді. Олардың құжаттары комиссияның қарауына ұсынылған. Мәселен, биылғы 1-2 қыркүйек күндері өткен комиссия отырысында 1 022 адамның өтініші бойынша оң шешім қабылданып, оларға мемлекеттік грант тағайындалды. Оның ішінде, бүгінгі күнге дейін 500 үміткерге грант қаржысы аударылды, – дейді әкімдіктің жауапты мамандары.

Айта кетейік, «Бастау бизнес» жобасы – нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асуда. Жоба аясында бизнесін бастағысы келетін азаматтар кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқытылады. Пандемияға байланысты биыл оқу онлайн режимде өтуде. Оқу мерзімі – 21 күн. Қатысушы оқуын тамамдаған соң, арнайы тест тапсырады. Егер жақсы нәтиже көрсетсе, оған оқуды бітіргені туралы сертификат беріледі.

Сол сертификатты алған адамның грантқа үміткер атануға құқығы бар. Грант қайтарымсыз беріледі. Бірақ мониторингтік топ грант қаржысының мақсатты жұмсалуын тексеріп отырады. Яғни, бұл өз кәсібін бастаушы азаматтарға берілген бірегей мүмкіндік. Осы орайда, биылдан бастап, аз қамтылған отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы отбасылардың мүшелері, қоныс аударушылар мен қандастар «Бастау бизнес» жобасының сертификатынсыз да грантқа тікелей үміткер бола алатынын айта кеткен жөн.

Шымкентте халықты жұмыспен қамту саласында да тың жобалар бар. Мәселен, бүгінде мегаполис аумағын абаттандыру мен көгалдандыру мақсатында жылыжай кешендерінде біржылдық және көпжылдық гүл көшеттерін өсіруге назар аударылып отыр. Жуырда Асар шағын ауданында өткен жиында осы саланы дамыту жайы талқыланды.

Жиынға қала әкімінің орынбасары А.Сәттібаев, Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков, «Жасыл Жер» ЖШС директоры Б.Байсақалов, «ЛТД Тұрмыс» ЖШС директоры Ғ.Садыбеков және ASAR AGRO кооперативінің басшысы С.Тастанов қатысты.

Талдау жұмыстарына сәйкес, бүгінде Шымкентте қаланы көгалдандыру мақсатында жалпы 1,6 миллион дана гүл қажет. Жиында біржылдық және көпжылдық гүлдердің көшеттерін өсіру үшін жобаны қаржыландырумен қамтамасыз етуге ASAR AGRO кооперативі, «Жасыл-Жер» ЖШС және «ЛТД Тұрмыс» ЖШС өкілдері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл мақсатта «Форвардтық» сатып алу да келісілді. Жоба аясында қала аумағындағы агроқалашық болып саналатын Асар шағын ауданынан 100 отбасы жұмыспен қамтылады.

Асар шағын ауданы бүгінде жылыжай өндірісіне маманданған. Ендігі ретте, бұл аумақтағы жылыжай кешендерінде гүл өсіруді дамытып, жаңа саланы игеруге мүмкіндік туып тұр.

Жалпы, гүл өсіру –  пайдасы көп, табысты сала. Шымкентте жаңа саланы дамытып, гүл экспортын ұлғайтуға барлық мүмкіндік бар. Бұл салада бәсекелестіктің артуына байланысты салық көлемі де ұлғаяды. Болашақта Шымкентті көкөніспен қатар, көрші аймақтар және көрші елдерге гүл экспорттайтын әлеуетке жеткізу мақсаты тұр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:49
Жаңа кодекс қазақстандықтарды қалай қорғайды?
Нұр САЙЛАУОВА 30.07.2021, 17:42
Қазақстанның жаһандық бастамаларына оң баға берілуде
Б.СӘРСЕНБИ 30.07.2021, 17:38
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 30.07.2021, 15:21
«Жусан» операциясы: тағдыр тәлкегінен құтқарғандар

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15