Бөлекбаев қарағандылықтардың қалтырап отырғаны үшін кешірім сұрады

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

15.01.2021, 10:02

3515

Жаhандық жылыну үрдісіне арқа сүйенген  Қарағандылықтар арқаны кеңге жайып, биылғы қысқа жүрдім-бардым  дайындалған. Себебі, аймақта 5-6 жылдан бері қыс жайлы болды. Жаңа жыл басталғаннан бері аймақта қатты аяз  күшіне еніп, ақырып тұр.  Кеншілер шахарындағы  көп қабатты 251  үй он күннен бері  жылуға жарымай отыр.

— «Таңертен төсектен тұрып, сәремді ішу  мұңға айналды. Ас үйге кіріп шай қойғанша, өне-бойым  суыққа ұрынады. Денемнің ыстығы үш күннен бері көтеріліп түспей  жүр. Үйдің іші даладан кем емес.  Барлық бөлмелер азынап кетті.  Ұйқы бас қояр алдында  қабат-қабат киініп, бірнеше көрпе оранып жатамыз. Суық келгелі, аурудан арылмай қойдық»-дейді, Октябрь ауданы  «Сортировка»  елдімекенінде тұратын зейнеткер Бәтима апа.

Әлеуметтік желіден  жылуға зар боп отырған тұрғындардың шағымын көптеп кезіктіруге болады. Жергілікті телеарнадан   тұлыпын шешпестен  ұйықтап жүрген   кейуананың дәрменсіз қалін баян еткен сюжетті көргенде,  етжүрегіміз елжіреді. Қаланың  атқарушы билігі мен қызмет беруші компания өкілдері болса,   мәселені  дер кезінде шешуге дәрменсіздік танытып, сыйырқұйымшаққа салып отыр.

Бөлекбаев не үшін кешірім сұрады?

Қала әкімі Ермағанбет  Бөлекбаев кеше   жылудан тарығып отырған Қарағандылықтардан  кешірім сұрады.  Керісінше, тұрғындарды  жылумен қамтамасыз ететін « Теплотранзит -Қарағанды»  және  қызметтің осы түрі үшін  ақы алатын  «Қарағанды жылу « компаниясы  өздерін сүттен ақ, судан таза сезінетін секілді. Тұтынушыларының тағдырына алаңдамақ  түгілі,  жұмған ауыздарын ашпай отыр. Ақиқатына келгенде, кінәні солар арқалауы  тиіс. Бұдан бұрын  компанияның техникалық  директоры Сергей Викторов,  жылу құбырының 70 шақырымы жалаңашталып қалғандықтан, жылу далаға кетіп жатқанын  хабарлаған болатын.  Сонда,  «Теплотранзит»  пен әкімдіктің құзіретті өкілдері  ала жаз бойы ай қараған ба?  Енді міне,  қыстың қақаған аязында   кеншілер шахарының  Сортировка, Пришахтинскінің кейбір секторларындағы сондай-ақ, Майқұдық пен Оңтүстік-Шығыс ықшамауданындағы  үйлерге  жылу сапасыз берілуде.

Оның себебін білу үшін қала әкімдігінің баспасөз хатшысына байланысқа шықтық.  Ондағылардан мынадай жауап алдық:

— «Теплотранзит- Қарағанды» ЖШС- нің ақпаратына сәйкес,  көп қабатты 251 тұрғын үйдің қысқа толық  әзірлігін айғақтайтын актісі болмаған. Бірақ, бұл  баспаналардың  жылу желілері толық тазартылған.  Бұған дейін аталған мекен жайдағы елден  ешқандай шағым түспеген.  Қазір   аудан әкімдері мен  «Теплотранзит-Қарағанды»  компаниясының жұмысшылары  тұрғындарды жылумен қамтамасыз ету үшін  жұмыс жүргізуде. Бүгінде   «Теплотранзит -Қарағанды» компаниясы  қала әкімінің тапсырмасы  бойынша,  сапасыз жылу алған тұрғындардың өтемақысын  қайта   есептеуді  қолға алуда- деген тілдей қағаз  жолдады, Қарағанды қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Әсел Сәдуақасова.

Халық  әкімнен кешірім емес, нақты нәтиже күтіп отыр. Арқаның алты айға ұласатын  қысы қаhарына  енді мінді.  Алда,  қандай «тосынсый»  күтіп тұрғанын алғашқы  опық жегізген оқиғадан кейін болжау қиын емес.

Тегтер: қыс жылу жүйесі қауіпсіздік атқарушы билік жергілікті әкімдік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 24.09.2021, 15:04
Инвесторлар үшін тартымды өңір
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 24.09.2021, 11:13
Жезқазғанда экспедиция қатысушылары бұрын зерттелмеген петроглифтерді анықтады
Сайт әкімшілігі 24.09.2021, 09:25
Нұр-Сұлтаннан Ыстамбұлға шыққан ұшақ шұғыл қонды
Еркежан АРЫН 23.09.2021, 15:30
Жастардың мемлекеттік саясаты өзгеруі мүмкін
Еркежан АРЫН 23.09.2021, 13:00
Еріктілер вакцинаның маңыздылығын насихаттауда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 23.09.2021, 08:30
Сарандағы РТБ зауыты ауданында тіршілік жаңарды

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39