Босаңсуға болмайды...

Шымкентте екпе алғандардың көрсеткіші 93 пайыздан асты

М.СӘУЛЕБЕК

07.10.2021, 13:06

235

Екпе алу бойынша Шымкент республикадағы өңірлер арасында  көш басында келеді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың айтуынша, соңғы тәуліктерде мегаполисте ковид індетіне қатысты жағдай жақсарып келеді.

– Қазіргі таңда қалада эпидахуал тұрақталып келеді. Еліміз бойынша Шымкент шаhары коронавирусқа қарсы екпе салу бойынша көш бастап тұр. Соңғы тәулікте бірінші компонентпен – 11 587, ал екінші компонентпен 4251 адамға екпе жасалынды. Яғни бүгінде тиісті контингенттің бірінші компонентін – 93, екінші компонентін 76,1 пайызы қабылдады. Алайда әлі де босаңсуға болмайды, – деді басқарма басшысы.

Спикердің сөзінше, эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты қаладағы инфекциялық төсек-орындардың саны 60 пайызға қысқарған. Үшінші мегаполистегі егу бекеттері демалыс күндері де жұмыс істеп тұр. Сондықтан қала тұрғындары сенбі-жексенбі күндері емханаларға барып, вакцина салдыра алады.

Үшінші мегаполисте екпе қабылдаған азаматтарға арнайы білезік беріле бастады. «Мен қауіпсіз жағдайдамын» деген жазуы бар білезіктерді жуырда тұрғындарға жас еріктілер сыйға тартты. Мұндай ерекше іс-шара бір мезетте қаладағы үш емханада ұйымдастырылды.

Қала деңгейінде өткен іс-шара барысында еріктілер 200 азаматқа осындай білезік таратып берді. Ұйымдастырушылар осылайша екпе алған тұрғындардың қоғамға қауіпсіз екенін көпшілікке түсіндіргісі келді. 

– Вакцина салдырған соң, жеті күннен кейін иммунитет пайда болады. Ауру жұқтырғанның өзінде, вакцина салдырған адам оны жеңіл өткізеді. Мутацияға ұшыраған коронавирус аса қауіпті, әйтсе де вакцинаның күші вирустың әсерін азайтады. Коронавирусқа қарсы вакцина қабылдау өміріңді сақтайды, – дейді іс-шараға қатысқан дәрігер-инфекционист Жанайым Полат.

Жалпы, Шымкент медицинасында соңғы жылдары тың бастамалар қолға алынуда. Мәселен, бүгінде қалада «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыру басталды. Оның мақсаты – қосалқы репродуктивтік технологиялардың көмегімен шиеленіскен отбасылық-демографиялық проблемаларды шешу. Сондай-ақ мұны бала сүйе алмай отырған отбасыларға бақыт сыйлау деп айтсақ та болады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, осы репродуктивті технологияның  нәтижесінде тиімділік 45-60 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш біздің елімізде орта есеппен 15 пайыздан 42 пайызға дейін өскен. Бала туу фактісі бойынша емдеу тиімділігінің көрсеткіші  30 пайыз деңгейінде. Бұл ең жақсы еуропалық клиникалардың көрсеткішіне сәйкес келеді.

Қазақстанда осы жылдан бастап бөлінетін квоталар саны 7000-ға дейін өсті. Бұл квоталарды беру айғақтарды кеңейтуге және оларды алу үшін кезекті едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда елімізде бедеулікпен есепте 11 030 әйел тұр. Оның ішінде Шымкентте 338 жұп бар. Қалалық  денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позиловтың айтуынша, биыл Шымкент қаласына «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 403 квота бөлінді. Әзірге 340 квота пайдаланылған. Биылдан бастап ЭКҰ-ға бұрын жүгінбеген және жеке медициналық орталықтарда бақылауда болған бедеулігі бар пациенттер белсенді түрде анықталуда.

ЭКҰ-ға дайындық жүргізетін қалалық перинаталдық орталықтың консультативтік-диагностикалық блогы жетекші медициналық ұйым ретінде бекітілді. Онда 2018 жылдан бастап «Бедеулік мәселелері жөніндегі кабинет» жұмыс істейді.

Сондай-ақ тұрғындар үшін квоталарға кезектілікті ұсынудың ашықтығын және пациенттерді клиникаларға уақтылы жіберуді бақылауды қамтамасыз ету, мониторинг жүргізу мақсатында өңірлік комиссия құрылып бекітілді.

Тегтер: медицина коронавирус ПТР тест анықтама

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:01
Арықта ұйықтап қалған бала отбасына оралды
Сайт әкімшілігі 11:58
Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр
Сайт әкімшілігі 20.10.2021, 19:38
Жалпақ жұртқа аты мәлім Жақаев
Бақыт ТІЛЕГЕН 20.10.2021, 18:42
Ерікті болу еріккеннің ісі емес
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.10.2021, 16:02
Жазықты сытылып кетсе, жазықсыз соттала ма
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.10.2021, 14:34
Әшірбек Сығай атындағы тұңғыш республикалық театр фестивалі мәреге жетті

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31