16.11.2020, 08:56
1686
Коронавирусқа шалдыққандар саны күрт өскен Батыс Қазақстан облысы «қызыл аймақтар» қатарына қосылды. Облыстың бас санитарының 8 қарашадағы қаулысына сай 10-23 қараша аралығында сенбі-жексенбі күндері Орал қаласы мен аудан орталықтарына кіретін жолдарға санитарлық бекеттер қойылды.
Шаһарда осындай 8 бекет жұмыс істеуде. Олардың орналасқан жерлері төмендегіше:
1. Самара-Шымкент тас жолы (бұрынғы полиция бекеті).2. «Меловые горки» ауылы арқылы өтетін айналма жол (бұрынғы полиция бекеті).3. Жәңгір хан мен Айтқұлов көшелерінің қиылысы (Атырау қаласына шығатын бағыт).4. Орал-Саратов тас жолы (Деркөл кентіне баратын айналма жолдың қиылысы).5. Деркөл кентінен Белес ауылына шығатын бағыт.6. Самара- Шымкент тас жолы. Самара қаласына шығатын жолдағы полиция бекетінің маңы.7. Орал — Бузулук тас жолы (ГТС-54 темір жол өтпесінен кейін).8. Орал-Желаев тас жолы. Желаев селолық округі шекарасында.Бұл бекеттерде полиция қызметкерінен бөлек, медбикелер мен эпидемиолог мамандар көлік жүргізушілері мен жолаушылардың денсаулығын тексеруде.
Айта кету керек, ковидті 7382 батысқазақстандық жұқтырған. Оның ішінде 20 мұғалім, тіпті кішкене сәбилер де бар. Күні кеше 27 жасар бойжеткен қатерлі дерттің құрбаны болды.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР