БҰҰ мен ЮНИСЕФ өкілдері Түркістанға келді

Сайт әкімшілігі

24.11.2021, 20:50

160

Түркістанға БҰҰ-ныңҚазақстан Республикасындағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори мен БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы (ЮНИСЕФ) өкілі Артур ван Дизен жұмыс сапарымен келді. Олар Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюповпен кездесіп, бірқатар мәселені талқылады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабаралуынша, кездесуде екіжақты ынтымақтастық жайлы сөз болып, әріптестікті нығайту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен бірге білім сапасын жақсарту, мұғалімдердің біліктілігін арттырып, инклюзивті білім беру бағытындағы жұмыстарды жандандыру жөнінде де айтылды. Халықаралық ұйым өкілдері Түркістан облысында оқушыларды мектеппен қамту, білім сапасын арттыру жөнінде де сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Рашид Аюпов Түркістан облысының жаңадан құрылғанын, өңірде ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын айта келе облыс әкімдігі халықаралық ұйымдармен әріптестікті жалғастыруға мүдделі екенін жеткізді.

ЮНИСЕФ-тің көмегімен биыл өңіріміздегі оқушыларға жан-жақты қолдау көрсетілген болатын. Бұл әріптестік жалғасады. Қос тарап балалардың құқығын қорғау, білім алуына жағдай жасау, оларды жан-жақты дамыту бағыттарында бірлесе жұмыс істеу жөнінде уағдаласты. Келесі жылы жүзеге асатын жоспарларды сараптады. Атап айтсақ, Түркістан облысының талантты оқушыларына қолдау көрсету, олардың шетелдің танымал оқу орындарына түсуіне жағдай жасау, балаларды әлеуметтік желідегі қауіпсіздігін сақтау бағыттарында бірлескен жобалар жүзеге асырылатын болды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:45
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Сайт әкімшілігі 16:19
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Бифат ЕЛТАЕВА 12:21
Ғибраты мол байқау
Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30