Дендробақ жаңа кейіпке енеді

Сайт әкімшілігі

15.09.2020, 22:39

158

Шымкент қаласындағы А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақ алдағы уақытта жаңа кейіпке енеді. Себебі мұнда абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, вело және жүгіру жолақтары орнатылатын болады. Сондай-ақ, заманауи үлгідегі жарықшамдар қою да жоспарланған.

Бұл жөнінде бүгін қалалық құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов пен Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ахмет Татыбаев БАҚ-қа берген сұхбатында айтты.

         Олардың айтуынша жаяу жүргіншілер аймағы мен веложүргізушілер аймағы бірыңғай стильге қосылып, тұрғындар үшін бұл қосымша демалыс орны болмақ екен.

         Жобаның жалпы құны  458 миллион теңге. Жобаға сәйкес онда 2 жолақты 6 457 метр веложол, 3 жолақты 1164 метр болатын жүгіру жолы салынады. Сонымен қатар, саябақтағы гүлзарларды бөліп, жаңа орындықтар, жарықшамдар мен қоқыс жәшіктері орнатылады. Қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар отырғызылып, көгалдандырылады деп күтілуде.

Айта кету керек, саябақ аймағының жалпы орналасуы жаяу жүргіншілер және веложүргізушілер ағынының болжамды қозғалысын ескере отырып шешілген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 22.09.2020, 10:50
Суы мен жолы, мектебі мен емханасы жоқ Сабалақ
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 22.09.2020, 10:44
«Ең үздік жоба» жемқорлықты ауыздықтай алмады
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 22.09.2020, 10:41
Тоқаевтың тапсырмасы неге орындалмады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 22.09.2020, 10:25
Арызын билікке жеткізе алмаған
Мариям МАҚСАТ 22.09.2020, 09:53
Келмеске кеткен «Кутузовты» көксегені несі?
Сайт әкімшілігі 21.09.2020, 17:48
Күшті дауыл мектептің шатырын жұлып әкетті

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27