Дендробаққа кіру ақысы-27 теңге

Сайт әкімшілігі

29.09.2020, 13:51

38

Шымкент қаласындағы көрікті демалыс аймақтарының бірі — А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақ.

Саябақ карантин режимін сақтай отырып таңғы 9:00-ден кешкі 19.00-ге дейін жұмыс істейді. Мұнда биыл 128 170 демалушы келген.

Дендросаябақ — жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Салық кодексіне сәйкес мұндай аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем мөлшері 0,01 айлық есептік көрсеткіш болып белгіленген. Соған сәйкес саябаққа кіру құны — 27.78 теңге. Бұл мемлекет меншігіндегі өзге орталықтармен салыстырғанда ең арзан баға. Келушілерден түскен қаржы қала бюджетіне құйылады.

Айта кету керек, саябақ аумағына таңғы уақытта кіретін мемлекеттік қызметтен зейнетке шыққан азаматтар мен ардагерлер үшін арнайы 1 айлық абоненттік карта қарастырылған.

Сондай-ақ саябаққа өзіңіздің жеке скейтборд немесе велосипедіңізбен келіп серуендеуіңізге болады.

Саябақта күнделікті суару, тазалық, бауды күтіп-баптау жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 09:34
Бюджет жобасын халық жасайды
М.СӘУЛЕБЕК 09:31
Агроиндустриалды аймақ құрылады
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 09:25
Күнгейдің көлеңкелі тұстары
Сайт әкімшілігі 28.10.2020, 14:08
Алматы облысының полициясы қауіпті қылмыскерді іздестіруде
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 27.10.2020, 11:30
«Біз оны жұмысқа алған жоқпыз...»
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 27.10.2020, 10:39
Трактор табанына тапталған балалар алаңы

Аңдатпа


  • Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
    11:03
  • Қайда кеткен? Қоймада коронавирустан емдейтін 12 дәрі жоқ болып шықты
    28.10.2020, 16:24
  • Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
    28.10.2020, 15:38
  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04