24.11.2020, 16:59
249
Шымкент қаласында А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябағында өсімдік қорын молайту, күтіп-баптау жұмыстары жалғасын табуда. Таяуда сирек кездесетін ағаш-бұталар мен ағымдағы жылы алып келінген 20 интродуцент тұқым түрі арнайы ыдыстарға отырғызылды. Қыс мезгілінде оларды кеңсенің зертхана бөлмесінде өсіру жұмыстары жүргізіледі.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Жасыл белдеу» КММ-нің тұқымбақ баптаушылары дендросаябақ аумағынан свидина (дёрен) және скумпия декоративті бұта тәріздес ағаштардың көшеттерін және Тәуелсіздік саябағы аумағынан үйеңкі ағашының тұқымдарын жинады.
Бүгінде «Жасыл белдеу» КММ-нің тұқымбақ аумағында жұмысшыларға арналған тұрғын үй вагонын жөндеу, шатырын бекіту жұмыстары атқарылды. 976 га жер учаскесінде ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары қолға алынды.
Сондай-ақ, «Қошқар ата» учаскесінде тұрақты санитарлық тазалық жұмыстары, қураған ағаштарды кесу және темір қоршаулардың сынған орындары ретке келтірілді.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР