Digital day: сот ісін жүргізуде IT технологияларды дамыту мәселелері

Еркежан АРЫН

31.08.2021, 09:56

416

       Соттарды қамтамасыз ету департаментінің басшылығы мен Astana Hub өкілдері «Істің нәтижесін болжау» функционалдығын талқылады. Кездесуге департамент басшысының орынбасары Нұрсұлтан Байтілесов пен цифрландыру бөлімінің басшысы Нұржан Молдақов, сондай-ақ «Бірінші несиелік бюро» ЖШС қызметкерлері Әсем Нұрғалиева, «Python RPA» Мұхамеджан Дүзенов, «НАТ» АҚ Ерлан Құзжанов, «ИНФОМАТ» ЖШС Андрей Карчин және «Болашақ инженериясы» ЖШС қызметкері Әбутәліп Мутұлы қатысты.

      Кездесудің онлайн форматындағы қатысушылары отандық өндірістің машиналық оқыту технологияларын қолдана отырып, істің нәтижесін болжау үшін IT шешімдерін іздеу туралы айтты. Департамент өкілдерінің айтуынша, бұл ірі компанияларға тәуекелдерді бағалауды жүргізуге, ал азаматтарға сот тәжірибесін түсінуге мүмкіндік береді. Ал басқалары дауды шешудің оңтайлы жолын таңдай алады. «Болжам – бұл ықтималдылық, ол судьяның шешіміне еш әсер етпейді, өйткені тараптар бір құбылысқа әртүрлі көзқараспен қарауы мүмкін. Сондықтан қазіргі кезеңде бұл ІТ өнімді судьяның орнын басушы ретінде қарастырудың қажеті жоқ», – деп атап өтті Н.Байтілесов.

        Қазақстандық IT компаниялардың өткен жылдардағы талаптар мен сот актілеріне қол жеткізу мүмкіндіктері де талқыланды. ІТ қауымдастықтардың өкілдері сот актілерінің форматтарымен танысуға және кейіннен оны одан әрі дамытудың прототипін ұсынуға ниет білдіре отырып, болжамды аналитикада ұқсас әзірлемелердің бар екені туралы хабарлады.

       Онлайн-отырысқа қатысушылар пікір алмасып, сот өндірісінде ІТ технологияларды дамыту бойынша өзара іс-қимыл қажеттілігін атап өтті. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы, сонымен қатар қоғам сұранысының өсуі сот жүйесінің қызметінде жаңа тәсілдерді қолдану қажеттілігін көрсетеді. Үздік әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, соттарда принципті жаңа автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

       Ақпараттық технологияларды қолдану соттар қызметінің қолжетімділігі, ашықтығы мен тиімділігінің бір әдісі болып табылады, ол тек сот отырысы қызметкерлерінің ғана емес, сонымен қатар сотқа жүгінгендердің де уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

       Қазіргі уақытта электронды сот өндірісі бірқатар элементтерді қамтиды: атап айтсақ, «Сот кабинеті» қызметі, «Талдау» форумы, процеске қатысушыларға электронды хабарлау жүйесі, «Төрелік» жүйесі, соттар мен түзеу мекемелері арасындағы бейнеконференц байланыс жүйесі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 15:00
Оралда көкөніс өсіру тиімді бизнес
Миуа БАЙНАЗАРОВА 08:40
Әділхан ЖӨЛЕКЕШОВ: Оқушыларымыз карантиндік талапқа сай білім алуда
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2021, 18:23
Қарағандыда құрылыс басында қазалы жағдай орын алды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2021, 16:55
Нұралықтар-қауырт қимыл үстінде
Таңшолпан ҒАЗИЗҚЫЗЫ 17.09.2021, 11:38
Қоқыс та қордалы мәселе
Мариям МАҚСАТ 17.09.2021, 09:13
«Басшымыз күн көрсетпейді»

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39