«Дорстройдың» басына бұлт үйірілді

Нұр-Қасым ЖОМАРТ

10.03.2021, 09:10

661

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» күре жолын, Қызылорда қаласындағы бірнеше ірі көшелерді сапалы салған «Дорстрой» серіктестігі жабылу алдында тұр. Жуырда мекеменің барлық жұмысшылары жиналып, «жұмыссыз қаламыз ба?» деп алаңдайтындарын білдірді. Ондаған жылдар бойы осы мекемеден нәпақасын айырып келген жұмысшылар енді мекеме жабылса қайда баратындарын да білмейді.

– Жасым 62-де, зейнет жасына бір-ақ жыл қалды. Жұмыстан шықсам, қай жаққа барам? Кім алады? Бала-шағамды қайтіп асыраймын? – дейді жүк көлігінің жүргізушісі Қайсар Тұңқатарұлы.

Былтырғы пандемия уақытында бұл мекеме жұмысын тоқтатпай, мемлекетке арқа сүйемей жұмысын жалғастырды. Облыс тұрғындарына өз қаражаты есебінен 10 миллион теңге қолдау көрсетті. 

– Карантин кезінде де біз бұлай қиналған жоқпыз. Ол кезде санитарлық талаптарды сақтай отырып жұмыста болдық. Бүгінде ешқандай сенім жоқ. Жұмыссыз қалсақ, барар жер, басар тауымыз тағы жоқ, – дейді жұмысшының бірі Шәріп Әлиев.

Жиырма бес жылдан аса жол салумен айналысқан серіктестік басшысының айтуынша, 2019 жылы Қызылорда облысы бойынша кірістер департаменті тексеру жүргізіп, жүк көліктеріне қатысты құжаттарда кемшіліктер барын анықтап, 158 миллион теңге айыппұл салған екен. «Олармен соттасып жеңе алмадым», – дейді кәсіпкер.

– Заңға сәйкес, тексеру 30 күн болуы керек еді. Бізді 21 мамырдан бастап, 24 желтоқсанға дейін тексерді. Бұл дегеніміз – 154 жұмыс күні, заңға қайшы әрекет жасады. Бір жыл сегіз айдың ішінде қызметкерлерім тоқтаусыз тексеруден күйзеліске ұшырады десем, артық айтпаймын, – дейді серіктестік директоры Мұратбек.

Ал салық органы тексеріс заңсыз болмағанын, серіктестіктің қағаздарында кемшілік бары расталғанын айтады.

– Егер тексеру барысында ұсынылған құжаттардың толық еместігін біздің мамандар көрсе, ол міндетті түрде басшысына немесе жауапты тұлғаларына ресми түрде талап табысталады. Табысталған күннен бастап, тексеру мерзімі Салық кодексі мен Кәсіпкерлік кодекске байланысты тоқтатылады, – деді облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орынов.

Сот қаулысы заңды күшіне енді, енді айыппұл төленбесе мекеменің шоттары бұғатталып, жұмысы тоқтауы тиіс. Серіктестік басшылығы әрі қарай шағымданғанымен, жұмысын тоқтатудан басқа амал жоқ.

Тегтер: жұмыссыздық әлеумет қоғам заң кіріс шығыс

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 14:45
"Зорлау фактісін біле тұра жасырған" - мектеп директоры сот алдына келді
Мариям МАҚСАТ 16.04.2021, 10:32
«Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
Нұрболат ӘЛДИБЕК 16.04.2021, 10:01
«Өз еркіңмен қызметіңнен кет деп жатыр»
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 15.04.2021, 11:50
«Солтүстікке көшсек» дегендер жетерлік
Тілек ҚАЙЫРБЕКҰЛЫ 14.04.2021, 20:36
Жасыл экономика сән бе, әлде қажеттілік пе?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14.04.2021, 09:16
Құба даланы бұғаттағандарға бұғалық неге салынбайды?

Аңдатпа


  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08
  • Дағдарысты ауылдан жауап
    09.04.2021, 08:46
  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24