26.10.2020, 08:56
711
Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Б.Позилов және Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің қатысуымен Ақпараттық-коммуникациялық орталығында эпидемиологиялық ахуал төңірегінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Баспасөз мәжілісінде Бақытжан Жолдасбекұлы, ең алдымен, эпидемиологиялық жағдай кезіндегі үйлестіру топтарының жұмысына тоқталды.
– Үйлестіру топтары ықтималды екінші толқын кезінде ситуациялық штатта отырып, әрқайсысы өз саласы бойынша жұмыстарын атқарады. Мәселен, олар жедел жәрдем қызметтері, күндізгі стационарлар мен провизорлы орындар және құрылғылар барысын, жалпы, эпидемиологиялық жағдайды бақылайды әрі оған жауап береді. Бұл жұмысымыздың сапасын арттырады, оған қоса қалыптасқан ахуалды едәуір жеңілдетеді. Осы ретте үйлестіру тобына құрылғылардың жұмыс сапасын арттыру мақсатында бас рентгенолог және компьютерлік томография мен рентген аппараттарына жауап беретін техника мамандарын қостық, – деді Б.Позилов.
Бақытжан Жолдасбекұлының айтуынша, ықтималды екінші толқын кезінде провизорлы және инфекциялық стационарлардың жұмысын әзірлеу мақсатында арнайы 3 сценарий түзілген.
Олар – тұрақты, қолайсыз және жағдай өршіген кез. Бұл жоспарлар («А», «Б» «С») барысында бір-біріне ауысу сәтін үш сағаттың ішінде жүзеге асыру жолға қойылған.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР