Ел Конституциясы мен жеке табысы – қарағандылықтар өз жетістіктері туралы айтты

Сайт әкімшілігі

27.08.2021, 10:32

905

Қарағандылықтар ҚР Конституциясы күніне арналған онлайн-кездесуде конституциялық құқықты іске асыру және қойылған мақсаттарға қол жеткізу туралы өз жетістіктерімен бөлісті. «Тәуелсіз Қазақстан: Жасампаздыққа толы жылдар. Карағанды облысынның басты жетістіктері» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге саясаткерлер, қоғамшылдар және түрлі мамандық иелері қатысты. — Биыл Конституция күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығында өтуде. Біз еліміздің негізгі Заңы уақыт сынынан өтіп, жалпыұлттық дамуда өзінің негіз қалаушы маңызын дәлелдеді деп нық сеніммен айта аламыз, — деп атап өтті облыс әкімі Жеңіс Қасымбек. — Мысалы, облыстың 498 мектебі біздің балаларымыздың тегін білім алу конституциялық құқығын іске асыруға мүмкіндік береді. Өңірдің 150-ден астам медициналық мекемелері тегін медициналық көмек алу құқығымызды жүзеге асырады. Облыста 1000 үкіметтік емес ұйым, 6 партия филиалы, 65 кәсіптік одақ жұмыс істейді, олар арқылы азаматтардың бірлесу бостандығына конституциялық құқығы іске асырылады.Өңір басшысы ауыл әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауын еске салды. Бұл қоғамды демократияландыру жолындағы тағы бір қадам, деп атап өтті ол.Осы сайлаудың жеңімпаздарының бірі, 27 жастағы Расул Қасенхан жоспарларымен бөлісті. — Мен Балқашта туып өстім. Бала кезімнен біздің аймақтың қоғамдық өміріне белсенді қатысуға ұмтылдым. Гүлшат кентінің әкімі бола отырып, бірінші кезекте проблемаларды зерттедім. Ауыл өмірі жайлы болып, жастар туған жерінде қалуы үшін мен оларды шешуге күш саламын. Себебі ауылды дамыту – еліміздің өркендеуінің кепілі, — дейді жас әкім.«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, кенші Даниель Диль қиын еңбектің спорттық мансаппен қалай үйлесетінін айтып берді. — Мен шахтада жерасты тау-кен жұмысшысы болып қызмет етемін және бала кезімнен спортпен шұғылданамын. Қазір мен спорттық акробатикадан халықаралық дәрежедегі спорт шеберімін. Жеңістерге табандылық пен еңбектің арқасында қол жеткіземіз, сонымен бірге олар алға жылжуға ынталандырады. Жаттығуларымды жалғастырамын, — деп кенші-спортшы халықаралық аренада еліміздің даңқын тағы да асқақтатуға уәде берді.Дөңгелек үстелде академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры Нұрлан Дулатбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы, Конституциялық Кеңестің мүшесі Унзила Шапак сөз сөйледі.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 15:00
Оралда көкөніс өсіру тиімді бизнес
Миуа БАЙНАЗАРОВА 08:40
Әділхан ЖӨЛЕКЕШОВ: Оқушыларымыз карантиндік талапқа сай білім алуда
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2021, 18:23
Қарағандыда құрылыс басында қазалы жағдай орын алды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2021, 16:55
Нұралықтар-қауырт қимыл үстінде
Таңшолпан ҒАЗИЗҚЫЗЫ 17.09.2021, 11:38
Қоқыс та қордалы мәселе
Мариям МАҚСАТ 17.09.2021, 09:13
«Басшымыз күн көрсетпейді»

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39