«Ел үлесі - пәтерге!»

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

18.05.2021, 16:17

730

     Мың айдан да қайырлы Рамазан айында Қарағанды облысында баспанаға зәру екі отбасыға пәтер сыйға тарту етілді.

     Пенде баласын жамандықтан тыйып, жақсылық  жасауға үндейтін мейірім мен сауапқа толы Рамазан айында баспанасы жоқ екі отбасы пәтер кілтіне ие болды. Бұл — «Зекет» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен  өткізілген  «Ел үлесі – пәтерге!» республикалық жобасы аясында жамағаттың жинаған қаражатына сатып алынған баспана. Жоба негізінде жиналған қаражатқа алынған  381-ші баспана Жезқазған аймағындағы  Қарсақбай  кенті мешітінің имамына табыс етілген. «Зекет» қайырымдылық қоры өкілдерінің айтуынша, бұл отбасында  ерекше бала тәрбиеленіп отырғандықтан, жамағат осы жанұяға көмектесуге ниет білдірген.

      Ораза айының соңында баспаналы болу бақыты Теміртау қаласындағы тоғыз баласы бар отбасына да бұйырыпты. «Теміртаудағы көпбалалы отбасына пәтер алып беру үшін жамағат қаражат жинап бастаған. Олар шамалы жинаған соң, Теміртау қаласындағы электр механикалық зауыты ұжымының жинаған қаражатын басшылығы мешітке әкеп берді. Сол ұжым қомақты қаражатпен көмектесті. Әрине, бұл өте сауапты іс, халықтан, әр адамнан  теңіздің тамшысындай болсын қаражат жинап, баспанасызға баспана сыйлау жақсылықтың бірегейі деп айтуға болады», — деп мәлімдеді облыстың бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа.

      Баспана бас қайғысына айналғандардың арманын орындау мақсатында «Зекет» қайырымдылық қорының бастамасымен ұйымдастырылған  «Ел үлесі – пәтерге!» акциясы 2018 жылы басталған. Содан бері елімізде 300-ден астам отбасыға баспана сыйға тарту етілген.

       Сауабы мол  ораза айында Қарағанды облысында  қайырымдылық шарасы барысында 26 373 жағдайы төмен отбасына көмек көрсетіліп, 5,5  тонна азық-түлік таратылған.

Тегтер: баспана мәселе тұрғын үй кешен тұрғындар

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 11.06.2021, 11:11
Кім кінәлі?: Жауап берсін!
М.СӘУЛЕБЕК 10.06.2021, 17:45
Мегаполис бюджеті 2,7 есеге көбейген
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10.06.2021, 14:13
Бір дүкеннің маңынан үш күннің ішінде екі мәйіт табылды
Мариям МАҚСАТ 10.06.2021, 12:04
«1 млрд теңгелік ескерткіштің ар жағынан жемқорлық «қылтиып» тұр»
Сайт әкімшілігі 08.06.2021, 16:45
Елордада 49 мектеп аралас тілде, 34 мектеп қазақ тілінде білім береді
Миуа БАЙНАЗАРОВА 08.06.2021, 14:00
Сыр елінің құт-берекесі неге қашып тұр?!

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02