07.12.2020, 13:41
881
Коронавирустың таралуына байланысты СҚО-да тағы төрт ауыл карантинге жабылды. Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл шаралар аймақтарды «қызыл» аймақтан шығару үшін қабылданды деп мәлімдеді.
Есіл ауданында 7 желтоқсаннан бастап Явленка ауылы, 3 желтоқсаннан бастап Ясновка ауылы карантинге қайта жабылды деп хабарланды. Жұмабаев ауданында коронавирустың салдарынан Таман және Успенка ауылдарында шектеу шаралары енгізілді.
Еске салайық, Солтүстік Қазақстан облысында барлығы бес аудандағы 11 елді мекен жабық.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР