10.11.2021, 16:32
359
«Линда» атты қызметтік ит шекарадан есірткі алып өтпек болған Өзбекстан азаматын ұстады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Шекара қызметінен хабарлама келіп түскен. Онда «Линда» атты қызметтік ит Өзбекстаннан Қазақстанға жаяу өтіп бара жатқан жүргіншіні көріп, белгі бергені айтылған. Осыдан соң полицейлер күдік тудырған азаматты ұстап тексерді. Тексеру барысында азаматтың сөмкесінен есірткіге ұқсас зат табылды. Алынған затты полицейлер сараптамаға жолдады. Сараптамада есірткінің 1 грамнан аса салмағы бар «гашиш» екендігі расталды.
Полицейлер бұл жайтты Қылмыстық кодекстің 286-бабымен (айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) тіркеді.
Сондай-ақ орта жастағы азаматтың Өзбекстан азаматы екені анықталды. Қазіргі таңда күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР