Ескі нысан замануи үлгіде жаңартылды

Сайт әкімшілігі

07.12.2020, 12:23

313

Сарысу аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімі 1986 жылдан бері күрделі жөндеу көрмепті. Осы олқылықтың орны биыл толып, құрылыс жұмыстары осы жылдың мамыр айында басталған болатын.

Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған. Мердігер «Райша-3» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қазынадан қаралған 308 миллион теңгені толықтай игеріп ғана қоймай, өз есебінен де қосымша жұмыстар жасап беруде екен. Мәселен жоба бойынша серіктестік тек ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізуге жауапты болғанымен аудан әкімдігі тарапынан берілген ұсыныс негізінде мердігер аурухана бөлімінің сыртын да жаңартып, ауласын абаттандырып беріпті.

— Құрылыс кезінде 54 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы тартылды. Оларға 85 мың теңгеден тұрақты айлық жалақы төледік. Енді міне жаңарған нысанды желтоқсан айында пайдалануға бердік. Бұл жұмыстардың бәрі де ауыл-елдің игілігі үшін жасалып отыр, – дейді құрылыс басшысы Жансерік Жұмабеков.

Осынау күрделі жөндеуден өткен бұл аурухана жайында Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықовты сөзге тартқан едік.

— Жалпы инфекциялық аурухана емделетін науқастарға қарай ыңғайластырылып жаңартылған. Яғни, әрбір науқас ауруханаға кіреберіс есіктен емес, өзінің бөлмесіне жасалған қосымша есік арқылы кіргізілетін болады. Ал әр бөлмеде жуынуға және ас ішуге арналған орындар арнайы әзірленген. Тіпті науқастарға тамақ та стандартқа сай дайындалған терезе арқылы беріледі. Бір сөзбен айтқанда мұнда сақтық шаралары барынша күшейтілген.Негізі ескі нысан болғанымен биыл барынша замануи үлгіде жаңартылды. Қазіргі таңда онда 50 адамға жатын орын дайындалған. Коронавирус пандемиясының екінші толқынына сақадай сай дайын.

Инфекциялық жұқпалы аурулар ауруханасы Жамбыл облысындағы инфекциялық аурулармен күресуге және оларды емдеуге ыңғайластырып салынған теңдесі жоқ медициналық мекеме. Әр аурудың жатын бөлмесіне жеке-жеке ИВЛ аппарат қосылған. Әр блок өз алдына бөлек-бөлек жұмыс жасауға қолайлы,- деді аудан басшысы Бақытжан Жақсылықов.

Бүгінде жер-жерде пандемияның екінші толқынына дайындық жұмыстары қызу жүріп жатқаны белгілі. Бұл ретте сарысулықтардың пандемиямен күрестегі әзірлігі осындай.   

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:14
Орал тұрғындары үйді бұзуға қарсы наразылыққа шықты
Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 08:25
«Мұнайдың үстінде отырып мұнайға жарымаймыз»
Еңлік АРЫҚБАЙ 15.10.2021, 08:23
Мектеп құлап жатыр: рас па?
Сайт әкімшілігі 14.10.2021, 12:01
«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29