Фараби мұрасын зерттейтін орталық ашылады

Сайт әкімшілігі

26.09.2020, 09:23

101

Шымкент қаласы әкімдігінде қаланың рухани өміріндегі бірқатар маңызды жобалар көпшілік назарына ұсынылды. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласы әкімі аппарат басшысының орынбасары Рашид Мыңбаев қатысты.

Басқосуда үш маңызды мәселе, атап айқанда, «Отырар» ғылыми әмбебап кітапханасының атын ауыстыру және қайта жабдықтау, кітапханадағы қаламгерлердің жеке кабинеттерін қалада орналасқан басқа кітапхана ғимараттарына көшіру және аялдамаларды белгілі ғұлама ғалымдар, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлерінің шығармашылығы бойынша безендіру мәселелері зиялы қауым өкілдерінің талқысына түсті.

Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан жобалардың маңыздылығына тоқталып өтті.

– Биыл елімізде Абайдың 175 жылдығы, Әл-Фарабидің 1150 жылдығы кең көлемде аталып өтілуде. Ғалымдар Шымкент қаласының 2200 жылдық тарихы бар екенін дәлелдеп отыр. Қалада осы бағытта бірқатар жұмыстар атқарылуда. Негізгі мәселенің бірі – «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасын Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапхана деп қайта атау. Биыл 26 мамырда кітапхана атауын ауыстыру туралы ұсынысқа өздеріңіз қолдау білдірдіңіздер. 27 тамызда республикалық ономастика комиссиясы оң шешім шығарды. Әл-Фараби атауын берудегі басты идея – бабамызды зерттейтін институт құрып, Шымкент қаласын Әл-Фараби орталығына айналдыру, – деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Шымкент қаласы әкімі аппарат басшысының орынбасары Рашид Мыңбаев бұл бағыттағы концепцияны таныстырып өтті. Оның айтынша, қайта жабдықтау бойынша жұмыс тобы құрылған. Концепцияны жасауға әл-фарабитанушылар, тарихшылар, республикалық белгілі кітапханашылар тартылды. Концепция негізінен жеті бағытты қамтиды. Кітапхананың залдарын ұлы ойшылдың зерттеген ғылыми жеті бағытына арнау. Атап айтқанда, ақыл-ой ғылымдары, музыка, жаратылыстану, тіл ғылымдары, логика, құқықтану ілімдері бойынша безендіру жоспарланып отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15.01.2021, 10:02
Бөлекбаев қарағандылықтардың қалтырап отырғаны үшін кешірім сұрады
Миуа БАЙНАЗАРОВА 15.01.2021, 09:54
Жол сапасы неге нашар?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.01.2021, 08:53
Жедел жәрдем мамандары қысым көргендерін айтып шу шығарды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14.01.2021, 16:52
Шахтадағы апат: кеншілердің бірі қаза болды, қалғандары ауруханада ем алуда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 14.01.2021, 13:07
Ленин шахтасында апатты жағдайдан машинист шыға алмады
Нұрболат ӘЛДИБЕК 14.01.2021, 12:19
Таразда Қонаевқа ескерткіш қойылады

Аңдатпа


  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33
  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    15.01.2021, 10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01
  • «Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
    14.01.2021, 11:41
  • "Жас Алаш" жазды, Егіндібұлақ елінің еңсесі көтерілді
    13.01.2021, 07:11