Газосигнализатор демеушілердің есебінен орнатылды

Сайт әкімшілігі

06.11.2020, 08:08

150

Шымкент қаласының барлық аудан аумақтарында қысқы жылыту маусымында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы мақсатта Әл-Фараби ауданында газдан уланудың алдын алу жөнінде аудан тұрғындарына кезекті түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.

Аудан әкімдігі тарапынан әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардың үйлеріне «Газосигнализатор» құрылғысын орнату жұмыстары жүргізілді. Биыл ауданда демеушілер тарапынан 137 үйге аталған құрылғы орнатылған. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, дабыл қаққыш құрылғы газдан уланудың алдын алады.

Қалада жалпы 300-ге жуық үйге газосигнализатор құрылғысы орнатылды.

Мамандар қала тұрғындарына газ қазандықтары мен жылыту пештерін пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларына жіті мән беруді ескертеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 18:02
Теміртаулықтар қатты аязда жылусыз қалды
Ақерке ЖҰМАҒАЗЫҚЫЗЫ 15:13
Су сойқаны безек қаққызды
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 10:37
Бала бағу баюдың жолы ма?
Сайт әкімшілігі 01.03.2021, 13:50
Шығыс Қазақстанда қар құрсауында қалып қойған 11 бала құтқарылды
Сайт әкімшілігі 01.03.2021, 12:12
Түркістандағы төрт бала мен анасының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 01.03.2021, 09:32
Ақ түтек боранда екі малшы ажал құшты

Аңдатпа


  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    10:44
  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41