Индустриалды аймақ жаңа инвестициялық жобалармен толығады

Еркежан АРЫН

28.09.2021, 09:39

492

        Алматының Индустриалды аймағында 2023 жылға дейін төрт жаңа өндірістік парк пен полиэтиленді өңдеу зауытын іске қосу жоспарлануда. Бұл туралы мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен өңірлік үйлестіру кеңесінің (ӨҮК) отырысында белгілі болды.

       Әлеуетті инвесторлар 2,5 млрд теңгеден астам инвестиция салуға дайын, олардың бір бөлігін «Almaty Finance» ЖШС қаржыландырады.

       Шағын кәсіпкерлік субъектілері өндірістік парктерде ролл перделерді, жиһаздық скобтарды, гидравликалық қосалқы бөлшектерді, радиациялық бақылау саласындағы өлшеу құралдарын, ашық спорттық жабдықтарды, фанерлерді, ағаш материалдарын, ламинатты, ковроланды, есік-терезелерді, асүй мен тоңазытқыш жабдықтарын, киім, аяқкиім, тоқыма, сондай-ақ кеңсе және жұмсақ жиһаз шығаратын болады.

       Жаңа өндірістік парктердің жалпы ауданы 25 мың шаршы метрден асады, мұнда 760 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Алматыда барлығы 11 шағын өндірістік парк іске қосылды, оның ішінде аудандардағы бес өндірістік парк бар. Олар – «БротМастер» ЖШС, «Ala Estate» ЖШС, «Samruk Group» ЖШС, «CityBus» ЖШС, «AsiaProm Textile» ЖШС. Жалпы алаңы 17 мың шаршы метрден асады. Индустриалды аймақта тағы алты шағын өндірістік парк құрылған: олар – «Ala Estate» ЖШС, «ADS Industries» ЖШС, «KazStroyTrade» ЖШС, «D&J Investments & Logistic» ЖШС, «Qazaq Plast» ЖШС, «Алтын Дәурен Бизнес» ЖШС. Бұлардың жалпы алаңы 31,2 мың шаршы метрден астам.

        Бүгінде шағын өнеркәсіптік парктер сусындар, құрылыс материалдары, қағаз өнімдері, дезинфекциялаушы заттар, комбинезон, металл конструкциялар, жиһаз, галантерея, тұрмыстық химия, кеңсе тауарлары, маскалар мен азық-түлік қаптамаларын шығарады.

       Алматыдағы жаңа жобаларды ескере отырып, 2022 жылға қарай 5,9 млрд теңге инвестиция құйылатын 15 шағын өнеркәсіптік парк жұмыс істейтін болады, олардың жалпы алаңы 73 763 шаршы метрді құрайды, осының арқасында 1500-ден астам жұмыс орны құрылады.

       ӨҮК қатысушылары индустриалды аймақ аумағында полиэтиленді өңдейтін зауыт құрылысының жобасын қарады. «Best-Plust Products» ЖШС 2023 жылға қарай жылына 400 миллион дана полиэтилен пакет шығаратын кәсіпорынды іске қосады. 35 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Компания қалдықтарды қайта өңдейтін Green Recycle зауытымен полиэтилен қалдықтарын жинау жөніндегі меморандумға қол қойды. Өндірістегі қайта өңделетін полиэтиленнен жасалатын өнімнің үлесі 30 пайызға дейін барады.

Тегтер: индустриалды аймақ инновация жобалар технология

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 27.05.2022, 17:30
Жазғы лагерьлерге баратын балалардың саны артты
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 27.05.2022, 10:00
Жастар қолдауды күтеді...
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 26.05.2022, 22:59
Қайырымдылыққа зәру бала көп
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 26.05.2022, 22:55
Сот жүйесінің өзгерісі халық көңілінен шығуда
Сайт әкімшілігі 26.05.2022, 16:15
Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына 30 жыл
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 26.05.2022, 12:00
Шымкентте «Alan» халықаралық мектебі пайдалануға беріледі

Аңдатпа


  • Анамның тілі алаңдатады...
    26.05.2022, 08:40
  • «Дауылпаз ақынның» даңқы мен дақпырты
    26.05.2022, 08:38
  • Газеттер дар алдында тұр!
    26.05.2022, 08:35
  • Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
    25.05.2022, 07:48
  • Қарашөкеевтің қиялы шаруалардың шамына тиіп жүр
    25.05.2022, 07:47