«InfoKazakhstan» платформасына тіркеліңіз

Сайт әкімшілігі

25.08.2020, 11:34

42

Шымкент қаласында шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету бойынша шешім қабылданды. Осыған орай кәсіпкерлік нысандар өз жұмысын қайта бастауды «InfoKazakhstan» бірыңғай порталы арқылы жүзеге асыруы тиіс. Бұл платформаға тіркелу 4 қадамнан тұрады:

1-қадам. «InfoKazakhstan» сайтына кіріп, ұйымыңызды электронды цифрлық қолтаңба арқылы тіркеп, кәсібіңізге қойылған талаптармен танысыңыз. Бизнестің жекелеген түрлері жұмысын тексерусіз, хабарлама тәртібінде қайта бастай алады.

2-қадам. Нысанды талаптарға сай дайындап, жұмыс істеуге дайындығыңызды электронды өтінім беру арқылы растаңыз.

3-қадам. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің тексеру жүргізуін күтесіз.

4-қадам. Тексеру жүргізілген соң нәтиже оң болса, онда жеке кабинетте жұмысты қайта бастауға санитарлық нормаларға сәйкестік актісін жүктеп алу қажет. Егер нәтижесі теріс болса, онда олқылықтарды реттеп, өтінімді қайта жіберіңіз.

Өтінімді «InfoKazakhstan» сайтына бергеннен кейін, сауда, сондай-ақ адамдар көп шоғырланатын нысандарына санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің тексеру жүргізілетіні және тек сол тексеру нәтижесінен кейін ғана нысанды ашуға рұқсат берілетінін кәсіпкерлердің назарына жеткіземіз.

Айта кетейік, бұл сайтта әкімдіктер, санитарлық дәрігерлер, полиция, өңірлік палаталар және тұтынушылар лигасы өкілдерінен құралған тұрақты мониторингтік топ жұмыс істейді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 17:13
Шымкентте коронавирус жұқтырған оқушы жоқ
Нұрболат ӘЛДИБЕК 30.11.2020, 16:33
Таразда кезекте тұрған 80 мұқтаж отбасы үйлі болды
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 13:04
COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 12:03
Алматы облысына қарасты жолдар жабылды
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 10:18
Үш адам қайтыс болды - көлік апатының мән-жайы
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 10:13
Алты облыста жел соғып, бұрқасын болады

Аңдатпа


  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05