Италия Түркістанға инвестиция тартпақ

Сайт әкімшілігі

01.03.2021, 15:39

213

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Италияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Паскуале Д’Авино бастаған делегацияны қабылдады. Кездесу барысында екі тарап облыс аумағында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өңір басшысы облыста инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалғанын және Түркістан өңірінің инвестиция тарту бойынша елімізде көш бастап тұрғанын жеткізді. Бүгінгі таңда өңірде баламалы энергия өндірумен айналысатын италиялық «Arm Wind» (ENI) компаниясы тарапынан Отырар ауданының Шәуілдір ауылында қуаты 50 МВт күн электр стансасының құрылысы жүргізілуде.

«Түркістанға облыс орталығы мәртебесін беру қаланың ғана емес, бүкіл өңірге инвестиция тартуға айтарлықтай серпін берді. Бұл ретте инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту үшін инвестиция тартуды жүйелеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, жасыл экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдама сәтті жүзеге асырылып келеді», — деді Өмірзақ Шөкеев.

Өз кезегінде Паскуале Д’Авино түркі әлемінің рухани орталығына сапары барысында алған әсерімен бөлісті. Италия елшісі алып құрылыс алаңына айналған Түркістанның жаңа келбеті мен қаланың мәдени-тарихи орталығының көркі таң қалдырғанын жеткізді. Оның айтуынша, Италия елінің кәсіпкерлері Түркістан өңірімен тығыз ынтымақтастыққа, соның ішінде туризм, жасыл энергетика және ауыл шаруашылығын дамытуға мүдделі.

Кездесу соңында облыс әкімі ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа және халықаралық компаниялардың өңірдегі бастамаларына толық қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 08:25
«Мұнайдың үстінде отырып мұнайға жарымаймыз»
Еңлік АРЫҚБАЙ 15.10.2021, 08:23
Мектеп құлап жатыр: рас па?
Сайт әкімшілігі 14.10.2021, 12:01
«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды
Гүлнар ДҮЙСЕБАЙ 14.10.2021, 10:56
Даланың дана диқаны

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29