Карантин режимін бұзғандарға қатаң шара қолданылады

Сайт әкімшілігі

26.11.2020, 17:26

271

Мамандар коронавирустық инфекцияның әлі де болса қауіп төндіріп тұрғандығын айтып, дабыл қағуда. Дегенмен шектеу шараларын ескермеушілер тыйылмай отыр. Осыған орай карантин режимін бұзу жайттарын анықтау, алдын алу мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаменті аудандық Полиция басқармаларының қызметшілерімен және арнайы құрылған мобильді топтың кезекті тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 900-ден аса карантин талаптарын бұзушылық анықталды.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығының хабарлауынша,  179 құқық бұзушылық түнгі клуб, кафе, ресторан, компьютерлік клуб, букмекерлік кеңселерде, ал 46 құқық бұзушылық шаштараз, массаж салоны, монша, сауна, әсемдік салондарында анықталған. Сондай-ақ, 125 құқық бұзушылық той немесе басқа да жиын өткізгендер бойынша және дүкен, сауда үйі, базарларда 260-сы тіркелген. Ал өзге де қоғамдық орындарда 296 құқық бұзушылық анықталса, оған қоса 213 жеке тұлға көпшілік орында бетпердесіз жүргені бойынша тіркелген.

Айта кетейік, анықтамалар жөнінде барлық іс-құжат Шымкент қаласы аумақтық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 09:05
Діннен тірек таба алмай адасқандарға ақпараттық түсіндіру тобы көмекке келуде
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 10:21
Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан үш адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 08:51
ШҚО-да қарттар үйінің лауазымды тұлғалары 7,4 млн теңге жымқырған
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 16:56
Жас таланттарды анықтайтын жоба
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 15:06
Қостанайда балабақша тәрбиешісі үш жасар бүлдіршіннің сүйегін сындырған – министрлік
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 10:22
Қазақстанның бірқатар өңірінде бейсенбі күні бұршақ аралас жаңбыр күтіледі

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49