16.02.2021, 11:04
1929
Әлеуметтік желілерде моншада демалып жүрген Семей полицейлерінің суреті пайда болды. ШҚО полиция департаменті қызметтік тексеру бастады.
Семейдегі монша кешендерінің бірінде түсірілген суреттерді алдымен қоғам белсендісі Руслан Лазута жариялады. Кейін кадрлар Facebook, Instagram және WhatsApp-та тарала бастады. Жарияланым авторының айтуынша, суретте қаланың жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары бар. Олар Семей ЖПҚ басшысы лауазымына тағайындауды атап өткені жазылды. Сондай-ақ, отырыс осы қаңтарда өткен.
"Әлеуметтік желілерде тараған суреттерде шынымен Семей полиция басқармасының қызметкерлері бар. Аталған факт бойынша ШҚО ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеру бастады", — деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР