Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады

Нұр-Қасым ЖОМАРТ

20.05.2022, 11:50

2609

Қызылорда қаласының биылғы экономикалық даму көрсеткішіне айрықша көңіл бөлінеді.

— Биылғы жылы темір бетон өндіретін шебер кәсіпкерлігі және сонымен қатар газды бетон, блок өндіретін өнеркәсіп орындары ашылуда. Осы өндірістер толыққанды өнім өндіруге шыққан кезде өңдеу өнеркәсіп саласына дем болмақ. Бұлардан бөлек балмұздақ шығаратын өндірісте іске қосылды, 3-4 жобамен жоғымызды түгендейміз, – деді Қызылорда қаласының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Бағлан Амангелдиев.

Жалпы Қызылорда қаласы бойынша өңдеу өнеркәсібі есебіне көз жүгіртіп, былтырғы осы кезеңмен салыстыратын болсақ, биылдыққа 668,1 мың тонна мұнай өндірілген немесе көрсеткіші 90,5%. Өңдеуші өнеркәсіп саласында 6614 млн теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен қарағанда 81,4% құрады. Оның ішінде жеңіл өнеркәсіпте 118,4 млн теңгенің өнімі өндірілсе, нақты көлем индексі 66,5%  орындалған. Сондай-ақ киім өндіру 68,8 млн теңгеге (54%), тоқыма бұйымдарын өндіру 49,6 млн теңгені немесе 93,5% құраған. Химиялық өнеркәсіп өнімдері саласы 88,5 млн теңгенің өнімін өндіріп, нақты көлем индексі 105,7% құраса, машина жасау, жөндеу және орнату саласында 942,5 млн теңгенің өнімі ғана (62,7%) өндірілген.

Облыс орталығындағы кәсіпкерлік ортаға айналады деген индустриялық аймақта 2014 жылдан бері 9 жоба қолға алыныпты. Бүгінгі күні соның біреуі нақты іске қосылған. Жобаны іске асыра алмаған төрт кәсіпкерден жер телімі  мемлекет меншігіне қайтарылған. Қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейілов осы аймақта 3 кәсіпкер жұмыс істеуге қызығушылық танытып отыр дейді.

— Біз қазір осы кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіп индустриалды аймаққа орналастыру мүмкіндіктерін қарайтын боламыз. Әрине ол кісілерге ұсынылып отырған жерлер ұнамай тұр, өйткені оған дейін алған жоба бастамашыларының жер телімдері инфрақұрылымға жақын орналасуларына байланысты болып отыр, – дейді әкім орынбасары.

Құрылыс саласында да қордаланған мәселелер көп. Кредиттік тұрғын үй және инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына республикадан қосымша 15 миллиард теңге қаржы бөлінбек. Бірақ жобалардың құжаттары әлі күнге дейін дайын емес.

  • Құрылыс маусымы басталды. Сәуір, наурызда жұмыстар басталып кетуі тиіс. Жоба-сметалық құжаттар әлі жоқ. Мен сіздерді екі айдан бері күтіп отырмын. Жоба-сметалық құжаттар жоқ болғаннан кейін құрылысқа бөлінген қаржыны тарта алмай отырмыз. Бөлім жұмысы мардымсыз. Көңіл толмайды, – деген облыс әкімінің орынбасары қалалық құрылыс бөлімінің басшысына сын айтты.

Бюджеттен бөлінген қаржыны игеру жұмыстарында да кемшіліктер бар. Мәселен, 2021 жылдың қорытындысы бойынша жол жөндеу жұмыстарынан 14,8 млн Белкөл кентіндегі теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер жолы құрылысынан 5 млн Қызылөзек ауылындағы Қожан көпірді жөндеу жұмыстарынан 5,2 миллион теңге игерілмеген.

— Бұл мәселелер бойынша айта кетсем, 5 миллион теңгенің игерілмеу себебі, Белкөл кентіндегі көпір құрылысы бойынша технадзор мекемесі анықталмағандықтан болып отыр. Ал 5,2 миллион теңге Қожан көпірді жөндейтін мердігер мекемелердің бір-бірімен соттасуының салдарынан жұмыс жүрмеді, сол себепті өз деңгейінде орындалмай қалды, – деді бұл уәжге қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бауыржан Оспанов.

Дәл осындай мәселе қалалық құрылыс бөлімінде де орын алған. Былтырғы жылдың қорытындысымен бөлім 197 миллион теңгені игере алмаған. Сондай-ақ «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша Талсуат және Қарауылтөбе ауылдық округінде 60 миллион теңге игерілмеген.

— 2021 жылдың қорытындысымен игерілмеген 197 миллион теңгенің ішінде пәтер сатып алу конкурстары қорытындысының анықталмауына байланысты игерілмей қалды. Және мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ұйымдастыру барысында, шекара қызметіне қарасты ғимараттардың құрылысын жүргізуге жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге конкурстардың жеңімпазы анықталмағаннан кейін қаражат игерілмей қалды, – деді қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Біржан Далабаев.

Мархабат Жайымбетов кеңесте көтерілген барлық проблемалар қатаң бақылауда болатынын айтып, түйінді түйіткілдерді дер кезінде шешуді тапсырды. 

Сөз соңында жақсы жаңалығымызды бөлісе кетсек. Қызылорданың әуе қақпасы «Қорқыт ата» әуежайының жолаушылар терминалы жаңғыратын болды. Бұл жобаға –  «Болат Өтемұратов қоры» 25 млн доллар қаржы құймақ. Құрылыс жұмыстары келер жылдың ақпанында басталып, 2024 жылдың қыркүйегіне дейін созылады. Құрылыс аяқталғаннан кейін нысан қала әкімдігінің коммуналдық меншігіне тегін беріледі.

Тегтер: кәсіп нәсіп еңбек еңбек нарығы

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.06.2022, 11:44
Қарағанды облысында кәсіпкерлер саны өсуде
Сайт әкімшілігі 22.06.2022, 09:49
Абай облысында орман өртеніп жатыр
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 22.06.2022, 08:30
Отставкіге кетуге дайын
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 21.06.2022, 10:40
Н. ҰРАНХАЕВ: Семейдің өзекті мәселесі жетерлік
Б.СӘРСЕНБІ 17.06.2022, 16:20
Тасқынның тақсіретін тартпаймыз десек...
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 16.06.2022, 13:30
Шет ауданында мал қырылуда

Аңдатпа


  • Қазақстан азаматтығын тарату – қылмыс
    23.06.2022, 09:23
  • «Тойсаңдар, тоба қылыңдар»...
    23.06.2022, 09:20
  • Ертең «мың ұлысты Қазақстан» боп тұрмайық
    23.06.2022, 09:11
  • Аймағамбетовтың реформасы жаңа министрге үлгі бола ма?
    22.06.2022, 08:36
  • Тоғжановтың қиялы...
    22.06.2022, 08:33