Кәсіпкерлікке қолдау бар

Кемел ЖАН

27.04.2022, 17:14

1016

Былтыр Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасы экономиканың ең көп зардап шеккен саласын нақтылау үшін өңір кәсіпкерлерінің арасында талодау жасаған. Яғни 7348 бизнес нысанының қызметіне талдау жүргізіпті. Талдау нәтижесі көрсеткендей, кәсіпорындарда 5,6 мыңнан астам қызметкердің немесе қарапайым жұмысшының 6,6 пайызына жуығы қысқартылғанын анықтапты. Мәселен, 9 мыңға жуық қызметкер немесе олардың жалпы санының 10,5 пайызы жалақысы толық сақталмайтын демалысқа жіберілген. Ал соның ішінде 68 компания кірісінен айырылған немесе толығымен жабылып тынған көрінеді.

Міне, осы аталғандай қиын жағдайдан шығу үшін Алматы облыстық кәсіпкерлік палатасы жергілікті атқарушы мекемелермен селбесе отырып аймақтағы бизнес өкілдеріне мемлекеттік көмек көрсеткен. Сол көмекке орай, шағын және орта бизнестің 690 нысаны коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беру төлемін төлеуден босатылса, 119 мыңға жуық кәсіп иелері салықтық ынталандыру алып, 641 шағын және орта бизнес өкілдеріне алған қарыздары бойынша жеңілдік жасалған. Сонымен бірге, базар және ойын-сауық орталығы мен 77 сауда үйінің директорларымен жалға беру келісім-шартын қайта қарап, 6,5 мың жалға алушының жалдау ақысын 30-дан 90 пайызға дейін азайтқан. Ал 20 мыңнан астам кәсіпкер infokazakhstan.kz сайты арқылы өз қызметін қайта бастады.

Өңірде шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған қолдау мен көмек көрсету, қанаттандыру жағы жетілдірліп, қызмет көрсетудің жаңа бағыттары іске қосылған. Қазіргі уақытта аймақта «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесмендерге оқу орталығын құру бойынша қажетті көмек көрсетіп жатыр.

Айталық Кәсіпкерлер палатасы жанынан ашылған оқу орталықтарының тізілімінде 79 оқу орталығы бар екен, оның ішінде кәсіпорындар жанынан ашылғандары 37, колледждер жанынан ашылып жұмыс жасап жатқандары 35, дербес оқу орталықтары жанынан құрылғандары 6 және жоғары оқу орны жанынан бір орталық құрылып жұмысын бастап кеткен.

Кәсіпкерлікті оқыту саласы сұранысқа ие 200-ден астам мамандық бойынша жүргізіліп жатыр. Ережеге бойынша аталған оқу орталықтары тәлімгерлердің 60 пайызға жуығын жұмысқа алуы керек. «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне білім алған жұмыссыздар мен жас кәсіпкерлердің 700-ден артық бизнес-жобасы гранттық қаржыландыру мен жеңілдетілген несие алып үлгерген. Олар бір жағынан оқытуды жүзеге асырып, екінші жағынан кәсіп ашып, тұрақты нәпақа табуға мүмкіндік тудыруда. Алдын ала есеп бойынша, кәсіпкерлікті оқыған азаматтар осы оқуды бітіргеннен кейін өз кәсібін ашып, өздерінің жобасын жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар.

Осы орайда тағы бір мәселені айта кетейік, егер «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын және орта бизнесті өркендетуге ниеттеген жандар болса, оларға берілетін қайтарымсыз грант та өңір тұрғындарына өте көп септігін тигізіп жатыр.

Алматы облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы 2019 жылдың 31 желтоқсандағы №1060 қаулысына сәйкес шағын және орта бизнес өкілдеріне конкурстық негізде мемлекеттік гранттар беріліп келеді. Басқарма «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы асында 222 млн.теңге мемлекеттік грант берген. Нақтырақ айтқанда, оның ішінде жалпы санаттағы трансферттерден (ЖСТ) 72 млн.теңге, ал республикалық қазынадан 40 млн. теңге, содан кейін жергілікті бюджеттен 110 млн. теңге қаржы бөлінген. Аз сома емес. Тек жұмыстың қалай жүретіні маңызды.

Енді осы аталған мемлекеттік грант биыл кәсіпкерлер арасында 2 рет өтіп, оның бірінші кезеңі бизнесмендердің жасына қарамай, яғни жас шектеулерінсіз өткізілген. Оған өңірдегі жалпы кәсіпкерлерден 239 өтінім түсіп, оның ішінде конкурстық комиссияның шешімімен 100 жоба үздік деп танылып, тағы да сол өтінімдердің ішінен халықтың әлеуметтік осал тобы саналатын 25 кәсіпкерге 55,5 млн.теңге көлемінде қайтарымсыз грант берілген. Сонымен бірге, жас кәсіпкерлердің арасынан жеңіпаз болып шыққан 28 жобаға 60 млн. теңге берілді. Бұл кәсібін енді бастап жатқан жастар үшін едәуір көмек, қолдау. Ал қалған ақша кәсібін дөңгелетіп жүрген басқа бизнес өкілдеріне бұйырды. Осындай қолдаулардың нәтижесінде, 391 жаңа жұмыс орны ашылып, табыс таппай бос жүрген азаматтарға үлкен мүмкіндіктер туды.

Міне, осылайша Жетісу өңірінде шағын және орта бизнесті қолдауға арналған іс-шаралар мұнымен бітпейді. Кәсіптен нәсіп табамын деген талай жанға, талай жасқа, бизнес өкілдеріне осы бағдарламалар мен осы жобалар әлі талай септігін тигізері анық.

Тегтер: кәсіп нәсіп еңбек еңбек нарығы

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01