24.11.2020, 17:11
201
Шымкентте 2020-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 333,3 млрд теңгеге 29 жоба іске қосылған. Жоба толықтай жүзеге асырылса 4 179 жаңа жұмыс орны құрылады.
Қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебековтың сөзінше жыл соңына дейін кәсіпкерлікті қолдауға арналған бірнеше жоба қолға алынған.
Жыл басынан бері қалада кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 26,9 млрд теңгеге 808 жаңа жұмыс орнымен 18 өндірістік жобаның іске қосу жоспарланған болатын. Бүгінге дейін 5,7 млрд.теңгеге 6 жоба іске қосылып, 212 жаңа жұмыс орны құрылған.
Сонымен қатар, Жыл соңына дейін 29,4 млрд теңгеге 12 жоба іске қосылып, 621 жаңа жұмыс орны ашылады. Қазіргі таңда жобалардың құрылысы аяқталып, қондырғылары орнатылуда.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР