20.11.2020, 16:10
387
Шымкенттің мектептерінде кезекші сыныптардың саны артты. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді.
– Шымкент қаласында І тоқсанда кезекші сыныптарда 51 196 оқушы білім алды. Ал II тоқсанда қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығына байланысты əрі ата-аналардың өтінішімен олардың саны 62 690-ға жетті. Яғни, 5-сынып қосылып отыр. Сонымен қатар, 300-ге дейін оқушы контингенті бар 9 мектеп қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі форматта жұмыс істеуде. Одан бөлек, мектепке дейінгі кезекші топтарда 42 178 бала тәрбиеленуде, – деді Жанат Арысбекқызы.
Спикердің айтуынша, Көкбұлақ тұрғын алабындағы интернет мәселесін шешу үшін байланыс станциясы орнатылған. Оған қоса, аталған елді мекенде АӘК алатын 77 отбасының 181 оқушысына «Bilim al» интернет-тарифі және платформа енгізілген ноутбук берілген.
Айта кетейік, Шымкент қаласы елімізде І тоқсанның қорытындысы бойынша «Bilim Iand-Onlinemektep.org» интернет платформасы арқылы қашықтан оқытуда жəне «Күнделік.кз» электронды журналдар ақпараттық жүйесінде көшбасшылар қатарынан көрініп, екінші орынды иеленді.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР