Конференция тақырыбы: Бәсекеге қабілеттілік

Сайт әкімшілігі

19.11.2020, 15:48

115

Шымкентте М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде онлайн-платформада «Бейбітшілік пен даму үшін» Дүниежүзілік ғылым күніне орайластырылған «Өндірістік технологиялар және инжиниринг- ICITE-2020» VII Халықаралық конференциясы өтті.

Биылғы конференция жұмысы бас назарды COVID-19 пандемиясы жағдайындағы индустриялық технологиялар мен инжиниринг саласындағы жаһандық мәселелерге аударуда, деп атап өтті Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, т.ғ.д., профессор — М. Әуезов атындағы ОҚУ ректоры Дария Қожамжарова.

Жиынға Қазақстанда бірінші рет Нобель сыйлығының лауреаттары — әлемдік ғылымның жұлдыздары, үкімет пен бизнес қауымдастық өкілдері, сондай-ақ шетелдік және отандық жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары қатысты.

Конференцияның мақсаты — COVID-19 пандемиясы шарттарында ғылым мен білімнің дамуы, медицина және биотехнология, химиялық технология, құрылыс және құрылыс материалдары, агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі, тоқыма өнеркәсібі технологиялары, механика, экология және табиғатты пайдалануды басқару саласы, жаңартылатын энергия және энергия үнемдеу технологиялары, IT технологиялар салаларындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талқылау болып табылады.

Екі күнге созылатын конференцияда «Пандемиядан кейінгі тұрақты даму: Шымкенттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша мәселелер мен ұсыныстар», «Фармацевтикалық компаниялар: адамдарға көмектесу және өмірді сақтау?» «Бізге бірінші кезекте экономиканың қандай салалары мен секторларын түрлендіру қажет?», «Орталық Азиядағы технологияларды, инновацияларды және адами капиталды дамыту мәселелері» секілді тақыраптарда ғалымдар ой қозғайды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 27.02.2021, 22:00
Судьяның тәртібін комиссия қарады
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 14:02
БҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 12:36
Түркістанға «Гам-КОВИД Вак» вакцинасы жеткізілді
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 11:21
Бірқатар өңірлерде жолдар жабылды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 26.02.2021, 09:18
Қос азаматтығы бар шенеунік басшылық қызметте қалай жұмыс істеген?
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 26.02.2021, 09:15
Ардагерлер кеңесіне ұстанымы биік тұлға қажет

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51