Коронавирус жұқтырған ана аман-есен босанды

Сайт әкімшілігі

20.11.2020, 16:13

305

Шымкенттік дәрігерлер коронавирусқа шалдыққан жүкті әйелді аман-есен босандырып алды. 4 қарашада жұқпалы аурулар орталығына коронавирус инфекциясы табылған жүкті әйел жедел жәрдеммен жеткізіледі. Айы-күні жақындаған әйелге дәрігерлер кесір тілігі арқылы ота жасап, өмірге дені сау нәресте дүниеге келді. Отадан соң науқасты дәрігерлер жансақтау бөліміне шұғыл түрде ауыстырып, емдеу шараларын қарқынды жүргізген.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бірер күннен соң реанимациядағы азаматшаның денсаулығы жақсарып, палатаға ауыстырылды. Сегіз күн бойы науқасқа жұқпалы аурулар орталығының мамандары вирусқа қарсы терапиялық ем жүргізген. Нәтижесінде жаңа босанған әйел коронавирус инфекциясынан толық айығып, ауруханадан шықты.

Дертінен сауығып шыққан жас ана ақ халаттыларға алғысын білдіреді.

–Менің жанымды аман алып қалған дәрігерлерге алғыс айтамын. Операция жеңіл әрі сәтті өтті. Ауруханадан шыққан соң, жаңадан туған қызыммен көрісетініме қуаныштымын”, — дейді инфекциядан жазылып шыққан әйел.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 27.02.2021, 22:00
Судьяның тәртібін комиссия қарады
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 14:02
БҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 12:36
Түркістанға «Гам-КОВИД Вак» вакцинасы жеткізілді
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 11:21
Бірқатар өңірлерде жолдар жабылды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 26.02.2021, 09:18
Қос азаматтығы бар шенеунік басшылық қызметте қалай жұмыс істеген?
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 26.02.2021, 09:15
Ардагерлер кеңесіне ұстанымы биік тұлға қажет

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51