Күнгейдің көлеңкелі тұстары

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

29.10.2020, 03:25

944

      Қарағанды қаласында тұрса да, тұрғындары тоғы болмай, шам жағып отыратын аудан – Күнгей. Күнгейдің мәселесін ауысып кеткен  бірнеше облыс, қала, аудан әкімдері шеше алмады. Ауыл-аймақтан келгендер мен жер үйде тұрғысы келген қалалықтар Қарағандының шетінен жер сатып алып, үй салып алған. Бүгінде бұл аумақ кеңейіп, үлкен бір ауданға айналды. Алайда әлі күнге дейін Күнгейдің бағы жанбай келеді. Алғашқыда электр энергиясы, су, кәріздік желісі тартылмаған аумақтағы жерді халыққа үлестіріп берген әкімқаралардың басы әлі күнге қатып келеді. Күні бүгінге дейін халық үшінші Күнгей деп атап кеткен көшеде электр жарығы мүлдем жоқ. Екінші Күнгейге бір тоқ желісі ғана тартылған. Қарағанды қаласында орналасқан Күнгейге бара қалсаңыз, шалғайда ұмыт қалған ауыл көз алдыңызға елестейді. Мұнда электр желісі тартылмаған көшенің тұрғындары шам жағып отырады, ал кейбіреулері күн сәулесі арқылы тоқ алатын құрылғымен электр жарығын алады. 2011 жылы Күнгейдің әр бөлігіне аудандық әкімшіліктің араласуымен 18 подстанция қойылған, алайда содан бері электр бағандары қойылып, тоқ желісі тартылмаған.

     «Бізге, Күнгей І-ге тоқ желісі орнатылған. Бірақ сол тоқтың барынан жоғы жақсы деп айтуға болады. Ауылда қыстың күні боранда жарық сөніп қалушы еді ғой. Бізде дәл қазір сондай жағдай – жел сәл көтерілсе болды, «жырт» етіп тоқ өшіп қалады. Сұрақ көп, бірақ оған әкімдер жауап бере алмайды. Соңғы екі-үш жылда аздап өзгеріс болып келе жатыр еді, қазір бәрі тоқтап тұр. Ерлан Қошанов облыс әкімі болып тұрғанда екі рет келіп, 83 шақырымға су тартқызды. Содан қалды бәрі. Былтыр көктемде Жеңіс Қасымбек бір рет келді, одан кейін пандемия басталып кетті де, содан бері өзгеріс жоқ», – деп қынжылады Күнгей тұрғыны Еркебұлан Олжабеков.     Күнгей халқы электр энергиясымен қоса, судың да зардабын тартып отыр. Тұрғындардың айтуынша,  Күнгейде халық тұрмайтын аумаққа шенеуніктер тоқ пен су желілерін тартқызған. Алайда оның қызығын көріп отырған қараша жоқ. Жақында Күнгейге   қала тізгінін енді ұстаған әкім Ермағанбет Бөлекпаев келіпті.  Алайда күнгейліктер «әкім келеді-кетеді, одан пайда шамалы» деп қолдарын сілтейді. Тұрғындар Күнгейге бағытталған қаражат  «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында» кетті ме деп алаңдайды. «Қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаев келіп, тұрғындармен кездескенде осы ауданның бір бөлігіне жарық тартуға 75 млн теңге, кәріз жүйесіне 95 млн теңге бөлінгенін айтты. Бірақ аяқталмаған жұмыс нәтижесіне тұрғындардың көңілі толмайды  және бөлінген қаржының тек осы мақсатта ғана игерілгеніне күмәндары көп. Ауданға мектеп салынбаған, су, жарық, жол жоқ. Бір сағатта келетін 16-шы  автобус  тас жол төселген санаулы көшелермен ғана жүреді. Жалпы, Күнгейге әлеуметтік зерттеу жүргізіліп, барлық мәселе жүйелі түрде шешілуі тиіс», – дейді  қоғам белсендісі Ержан Әділ.      Әкімқаралар болса әдеттегідей Күнгейдегі мәселе кезең-кезеңмен шешіледі деп отыр. «Күнгейде инженерлік желілерді салу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта кәріз жүйесі салынып, жыл соңына дейін электр желілері мен су құбырының құрылысы аяқталады. Аудан тұрғындары қоқыс шығару, жолдар, жаяу жүргіншілер өткелдерін салу, бағдаршамдарды орнату және тағы басқа бірқатар мәселелер туралы айтуда. Қойылған міндеттерді алдағы уақытта кезең-кезеңмен шешетін боламыз», – деп мәлімдеді  қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өзінің фейсбуктегі парақшасында.      Қалада тұрып өркениетке жарымай отырған тұрғындар бірнеше әкім ауысқанда шешілмеген мәселе жыл соңына дейін шешіледі дегенге сенбейді.

Тегтер: электр энергиясы ауыл мәселе өзгеріс әкім электр бағаны пандемия шенеунік халық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 27.11.2020, 14:48
Прокурор экс-әкімге 8 жыл сұрады
Айшуақ АРАЙ 27.11.2020, 13:20
Сотталушылар наразылық көрсетіп Жезқазған түрмесіне тергеу тобы барды (видео)
Сайт әкімшілігі 27.11.2020, 10:49
Пневмониядан 5 адам көз жұмды
Сайт әкімшілігі 26.11.2020, 17:56
Оңалту орталығына жасалған сый
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 26.11.2020, 10:18
Өндірісті өлке өміршеңдігін танытты
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 26.11.2020, 09:20
Бір Өскеменге екі Пушкин әділет пе?

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36