Ливияда болған су тасқыны құрбандарының саны 11 мыңға жетті

Тағы 20 мың тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті.

Сайт әкімшілігі

15.09.2023, 11:20

2220

Эпицентрі Дерна қаласында болған тасқын салдарынан 11 мың адам қаза тауып, 20 мың тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. 

ҚазАқпарат хабарлағандай, Ливиядағы Халықаралық Қызыл Крест комитеті азаматтар мен құтқарушыларды абай болуға шақырды.

«Дерна – соғыстан қалған жарылуы мүмкін қалдықтармен ластанған қала екені белгілі», делінген хабарламада.

Су тасқыны салдарынан оқ-дәрі мен мина қалдықтары бұрынғы орнынан қалаға шашылған болуы мүмкін, деп ескертті ұйым.

10 қыркүйекте Ливияның шығысына «Даниэль» дауылы төнді. Ол жағалаудағы Бенгази, Дерна және Джабаль әл-Ахдар қалаларына зақым келтірді. Ливия билігі Киренаика шығыс провинциясындағы үш ауданды апат аймағы деп жариялады.

Дауыл салдарынан Дернаны қоршап тұрған екі плотина жарылып, су тасыды. Су адам тұратын кварталдарды шайып, Ливияның шығыс бөлігіндегі жағалау маңындағы үйлерді қиратты. Билік өкілдері төтенше жағдай жариялады. Мектеп пен дүкендер жабылып, коменданттық сағат енгізілді. БҰҰ ұйымы жергілікті және ұлттық деңгейде жедел көмек көрсетуге уәде берді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16.09.2023, 13:15
Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды
Сайт әкімшілігі 16.09.2023, 12:52
Алматыда Астана алаңы мен Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 12:30
Жетісуда көлік жылқыға соғылып, бір адам көз жұмды
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 10:53
Ақтөбе — Қызылорда тас жолының құрылысы 2024 жылы басталады
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 16:45
5 қарашада 45 аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімі сайланады
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 16:05
Маңғыстаудағы Торыш тастары ұрланып жатыр

Аңдатпа


  • Әлем әдебиетін оқыту орыс әдебиетінен бас тарту ма?
    16.09.2023, 13:50
  • Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды
    16.09.2023, 13:15
  • Алматыда Астана алаңы мен Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады
    16.09.2023, 12:52
  • Ет туралы ертегі
    16.09.2023, 12:33
  • Біздің қоғам шындықтан қорқады
    16.09.2023, 10:55