М.Әйтенов: Нашар басқарма басшыларына қатысты шара қабылданады

Сайт әкімшілігі

05.09.2020, 08:24

159

Шымкент қаласында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында биылғы ақпан айында басқару жүйесін оңтайландыруға арналған жобалық кеңсе құрылған болатын.  Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен «Шымкент қаласының даму бағдарламасы» аясында осы жобалық кеңсенің басқарушы кеңес отырысы өтті. Жиынның күн тәртібінде басшылардың жобаларды жүзеге асыруға байланысты жеке жауапкершілігін арттыру мәселесі қаралды. Ол үшін «Easy Project» кросс-платформасының KPI ақпараттық-тақтасында көрсеткіштер мен жобаларды жаңарту және толықтыру жұмыстарының уақытылы әрі сапалы орындалуын қадағалау керектігі сөз болды.

Қала басшысы аталған жобалық кеңсенің негізгі көрсеткіштер мониторингін (KPI) автоматтандыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін онлайн-форматтағы құрал әзірленгенін атап өтті. Бұл құрал жоспарлы және нақты көрсеткіштерді салыстыруға және нәтижеге қол жеткізуге әрбір жобаның тигізген әсерін бағалауға мүмкіндік туғызды.

— Әкімдік жұмысын жобалық басқару әдістерімен жүргізуге, іске асыруға барынша мүмкіндік беруде. Ал, біз жаңа басқару жүйесін енгізудің дайындық кезеңін аяқтадық. Әкімдік басқармаларының басшылары мен негізгі қызметкерлері ақпараттық жүйеде жұмыс істеуге үйретілген және практикалық дағдыларға ие, -деді М.Әйтенов.

Сонымен қатар, қала басшысы  орынбасарларына апта сайын басқарма басшыларымен бірге KPI-мониторды қадағалау және жоспарлы көрсеткіштердің орындалмау қаупі бар басқармалармен жұмыс істеу, нақты жобалардағы мәселелерді анықтау және оларды шешуге көмек көрсетуге тапсырма берді.

— Бізге санды көбейтуге ғана жарайтын жобалар қажет емес. Яғни, жобалардың саны емес, жұмыстың нәтижесі маңызды. Сондықтан, жобалық кеңсенің басшысы Асқар Сүлейменовке Басқарушы кеңестің әрбір отырысына жоспарлы көрсеткіштердің нақты орындалуы тұрғысынан ең үздік үш және ең нашар үш басқарманың тізімін беруді тапсырамын. Тиісінше, ең нашар басқарма басшыларына қатысты шаралар қабылданатын болады,- деді қала әкімі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 10:35
Оралда әйелін өлтірген шенеунік қамауға алынды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 10:10
Жыры бітпеген электронды жүйе
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.04.2021, 15:25
Кәсіпкердің көлігі өзеннен табылды
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 09:17
Нұр-Сұлтанның сол жағалауы отқа оранды
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 22:46
Жетісайдың қырықабаты экспортқа кетіп жатыр
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 15:51
Түркістанда балық шаруашылығы жақсы дамып келеді

Аңдатпа


  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08