Мал азығына пайызы төмен несие беріледі

Сайт әкімшілігі

11.11.2021, 10:21

263

Түркістан облысында  Сарыағаш, Келес аудандарының мал шаруашылығымен айналысатын фермерлерді қолдау мақсатында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастамасымен мал азығын сатып алу шығындарын азайту үшін төмен пайызды мөлшерлемемен қаржы ұйымдары арқылы несие беру тетіктері қарастырылды.

9 қарашада облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұржігіт Назарбекұлы және «Ырыс» МҚҰ» ЖШС, «Оңтүстік» АИО» ЖШС басшылары бастаған топ Сарыағаш ауданы, Әлімтау ауыл округіне несие алуға ниет білдірген Әлімтау, Жамбыл, Бозай ауылдық округтерінің 100-ге жуық шаруаларын жинап, берілетін несиенің шарттарын түсіндіріп, жылдық үстеме қаржысы 6 пайыздан аспайтынын және кәсіпкерлік сертификат талап етілмейтінін жеткізді.

Жиналыс қорытындысымен шаруалар басшылық өкілдеріне ризашылықтарын білдіріп, дер кезінде берілетін несиенің мал азығын сатып алуға септігін тигізетінін жеткізді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы қуаңшылық батыс өңірлерімен қатар Түркістан облысы Сарыағаш, Келес аудандарының алқаптарына да кері әсерін тигізіп, табиғи шөп бітік шықпады. Бұл жағдай мал азығына сұранысты арттырып, алып-сатарлар арқылы баға көтерілді.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан 2021 жылдың 10 айында ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басына Сарыағаш ауданы бойынша 112 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 170 606,5 мың теңге, Келес ауданы бойынша 106 АШТӨ-ге 233 164,5 мың теңге мемлекеттік қолдау қаржы (субсидия) берілді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:45
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Сайт әкімшілігі 16:19
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Бифат ЕЛТАЕВА 12:21
Ғибраты мол байқау
Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30