Мал - азықтан тарықса, халық - тамақтан тарығады

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

11.08.2021, 12:02

683

Табиғаттың тосын мінезіне тоқтауыл болар шара жоқ. Кез-келген апаттың салдары мен шығыны  әсіресе, қара жерден несібе алып отырған шаруагер қауым үшін қасірет.

  Биылғы қуаншылық пен дала өрті өңір шаруашылықтарына тұтқиылдан зор тауқымет әкелді. Болған іске болаттай бекінген фермелерлер әлдене әрекет етуде. Ендігі мәселе- қыр астында тұрған қыста төрт түлікті нәубеттен аман алып шығу. Ортақ міндетке билікте бекер отырмай,  бел шешіп араласуы тиіс. Осы жәйтті тоқайласу үшін облыс әкімі Жеңіс Қасымбек аймақ фермерлерімен онлайн-кеңес өткізді. Қазір аймақ қожалықтары сай-саланы, орман алқабын кезіп   мал азығын әзірлеу қамында жүр. Жергілікті  сала басшыларының есебіне сенсек, биылғы қыста қырдағы еңбекқор қауым жем-шөптен қыспақ көрмейді.

-«Жоспар бойынша 2,3 млн тонна жем-шөп дайындалу керек болса, бүгінде меже 1 млн 860 мың тоннаға жетіп отыр. Бұл дегеніңіз, межеге сай 80 пайыз қажет өнім жиналды дегенді айғақтайды»,-деп сендірді облыстық ауыл шаруашылық   басқармасы басшысының орынбасары Сырым Бошпанов. Спикердің мәлімдеуінше,  тыс ауыл диқандары 1,5мың тонна сүрлем, 6,5 тонна пішендеме және дайындаған. Мал басын аштыққа ұрындырмау үшін жасаланып жатқан науқанға 30 мыңның үстінде ауыл шаруашылық техникасы шығарылған.

         Кеңес барысында өрттен құқай көрген  Ұлытау ауданының фермерлеріне нақты қандай көмек көрсетілгені сөз болды. Жауаптылардың айтуынша, шабындықтары жанып кеткен шаруаларға аудандағы жер аумағына бай  фермерлердің  қосалқы жерлерінен  алаңдар бөлініп берген.  Бұл іс қос тараптың келісімі нәтижесінде жүзеге асырылған. Тағы бір айта кетерлік жәйт, тілсіз жаудан жапа шеккен фермелерге мал шығыны толық төленген. Оған  мемлекет есебінен 17 млн теңгеге жуық қаржы  бөлінген.

         Сондай-ақ, облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сүйенсек,  мал азыған дайындаушылармен қосалқы шаруашылықтар үшін шөп  бағасын көтермелеуге жол бермеу жөнінде меморандум бекітілген. Осы төңіректе кездесетін келеңсіздіктерді жедел арада шешетін өңірлік штаб құрылған.

Тегтер: мал шаруашылығы мәселе әкімдік жергілікті әкімшілік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 16:55
Нұралықтар-қауырт қимыл үстінде
Таңшолпан ҒАЗИЗҚЫЗЫ 17.09.2021, 11:38
Қоқыс та қордалы мәселе
Мариям МАҚСАТ 17.09.2021, 09:13
«Басшымыз күн көрсетпейді»
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 17.09.2021, 08:28
Қарағанды облысындағы мектептерде короновирус қаулап барады
Б.СӘРСЕНБИ 17.09.2021, 04:29
«Балаларға вакцина салынады» деген жалған
Еркежан АРЫН 16.09.2021, 16:30
Қазақстандықтар министрліктердің нормативтік-құқықтық актілерін белсенді талқылауда

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39