Мақсат – «Халыққа жақын полиция» қағидатын қалыптастыру

Қайрат ДӘЛБЕКОВ

29.12.2021, 13:00

1293

Ішкі істер саласының қызметкерлері үшін өтіп бара жатқан жыл ел игілігі мен халықтың тыныш ұйқысы үшін іске асырылып жатқан игі жобаларымен есте сақталды.

Бірінші кезекте президентіміздің халыққа жолдауында жүктелген міндеттер болашаққа деген нық қадам басуды көрсетіп, селкеусіз сенім ұялатты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлерімен бірлесіп сан түрлі шараларды өткіздік. Облысқа қарасты қала, аудандағы полицейлермен кездесіп, дәрістер, сыбайлас жемқорлыққа қатысты жауапкершіліктер туралы мағлұматтар беріп, арнайы бейнероликтерді көрсетіп, барынша бұл дертті болдырмауды мақсат тұттық. Арамызда жемқорларға орын жоқ екенін ұғындырып, өмірлік сабақ болатындай жемқорлыққа барған сақшыларды жұмыстан аластаттық.

«Халыққа жақын полиция» қағидатын қалыптастыру мақсатында жұртшылықпен жиі байланыс жасайтын жергілікті полиция қызметінің полицейлеріне пара алмау, этиканы сақтау мен жанашыр болу үшін қосымша  дәрістер өткізіп, кездесулер ұйымдастырдық.

Азаматтарды қабылдау бөлмелері тұрақты түрде жұмыс істеп тұр, аптаның бес күнінде кезексіз тұрғындарды қабылдаймыз. Халықтың мұң-мұқтажына мән беріп, полиция бойынша және арыз-шағымдарға қатысты сұрақтарды жедел шешу, тергеушілермен халыққа ыңғайлы сәтте кездесуіне мүмкіндік беру мақсатында жұмыстар жасадық.

Балалардың қауіпсіздігі басты орында болғандықтан, мектептерге бейнекамералар орнаттық. Оны біздің сақшылар бақылап, саралап отырады. Бұл ретте «Қазақтелеком», «Транстелекоммен» бірлесіп жобаларды іске асырдық.

Түркістан өңірін тамашалауға келген туристердің қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін туристік полиция құрған болатынбыз. Аталған құрылым қызметкерлері облыс орталығы Түркістанда ашылған Халықаралық туризм және меймандастық университетіндегі ұстаздардан білім алып, бірнеше шет тілін жіті меңгеруде. Бұл 2019-25 жылдарға арналған туризм саласының жалпы Қазақстан бойынша деңгейін арттыру бағдарламасы, соның аясында қолға алынған «Түркістан облысындағы жалпы полиция қызметкерлерінің туристік қабілетін жоғарылату» жобасы  полицейлердің біліктілігін арттыру үшін жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар қасиетті өлкедегі Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, студент жастардың біздің департаментте тәжірибеден өтіп, білімін жетілдіруге, болашақта кедергісіз ішкі істер саласына жұмысқа орналасуларына мүмкіндік бердік.

Тергеушілердің жұмыс кабинеттеріне бейнебақылау камераларын қойып, бүгінде тергеу барысын прокуратура қызметкерлері тікелей қадағалап отырады.

 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда енгізілген үш буынды модельді құру бойынша жұмыстар біріздендірілді. Мұндай тәсіл Қазақстан Республикасы азаматтарының қауіпсіздігіне кепілдік беріп, ашықтықты негіздейді.

Бұдан бөлек, цифрландыру, полицияның сервистік модельге көшуі секілді игі жобалар іске асуда. Өйткені негізгі мақсат – қажеттіліктерге жауап беретін және қоғаммен серіктестікте жұмыс істейтін кәсіби, өкілді, жұртқа жақын, ашық әрі қолжетімді полиция қызметін құру. Түркістан облысының орталығындағы әйгілі Қ.А.Ясауи кесенесіне келген туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, солардың тілінде еркін сөйлейтін полицейлердің қатарын арттыру. Жұртшылықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін SOS батырмасы да кеңінен қолданыста. Сонымен қатар осы қызметті мобильдік қосымша арқылы да алуға болады. Яғни батырма тақталарынан бөлек, арнайы қосымшалар да жетілдіріліп, қолданылып келеді.

Тәулік бойы қызмет көрсететін стационарлық бекеттер де салынды. Келер жылы да стационарлық бекеттер мен көшелерге қойылған бейнебақылау камераларының саны артады. Ал бұл өз кезегінде бекітілген аумақтың қауіпсіз болатынын көрсетеді. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың тапсырмасымен барлық полицейлер жаңа формаға көшіп, қамтамасыз етілмек.

Есігімізді ашқалы тұрған 2022 жылда  жаңа бастамалар, еліміз үшін елеулі істер күтеміз. Еліміздегі әрбір тұрғынның шаңырағына шаттық, отбасына ортаймас бақыт, ерінбей  еңбек еткен жандарға таусылмас табыс, ауырған адамдарға жеңілдігін беріп, ертерек сауығып кетулерін тілеймін!

Тегтер: полиция шара жоспар мақсат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 09:05
Діннен тірек таба алмай адасқандарға ақпараттық түсіндіру тобы көмекке келуде
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 10:21
Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан үш адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 08:51
ШҚО-да қарттар үйінің лауазымды тұлғалары 7,4 млн теңге жымқырған
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 16:56
Жас таланттарды анықтайтын жоба
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 15:06
Қостанайда балабақша тәрбиешісі үш жасар бүлдіршіннің сүйегін сындырған – министрлік
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 10:22
Қазақстанның бірқатар өңірінде бейсенбі күні бұршақ аралас жаңбыр күтіледі

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49