Мақтааралда 100 тонна «ақ алтын» жиналды

Сайт әкімшілігі

04.02.2021, 21:33

517

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында  өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 48 млрд. теңгеге жетті. Басым бөлігі өсімдік және ауыл шаруашылығы салаларына тиесілі. Ауданның негізгі күн көрісі – егін шаруашылығы. Өткен жылы диқандар  60 мың гектардан астам жерге егістік ексе, оның 40 мың гектарға жуығы мақта дақылына тиесілі. Аудан бойынша 100 мың тоннадай «ақ алтын» жиналып, орташа өнімділік 25 центнерді құрады.

Жалпы мақтаны машиналық әдіспен теру 66%-ға жеткен. Қалғаны жұмысшылардың күшімен жиналған. Өткен жылы АҚШ-тан Мақтараал ауданына   қосымша 23 дана «Джон-Дир» мақта терім комбайны сатып алынды. Мақта терім науқанына 514 трактор, 1206 тіркеме және 151 комбайн қатысқан.

Мақтааралдықтар 300 мың тоннадан астам бақша өнімдерін өндіріп, оның 80%-ын эскпортқа шығарған. Маусым кезінде күн сайын 300-ге тарта қауын-қарбыз тиелген жүк көліктері ТМД, Балтық елдеріне, Түркия, Германия, Греция елдеріне жол тартады.

Сонымен қатар, шаруа қожалықтары 50 мың тоннаға жуық көкөніс, 12 мың тонна күріш және басқа да түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын өндірді. 2020 жылы жылыжайлардың көлемін қосымша 10 гектарға ұлғайды. Сондай-ақ, 250 гектар алқапқа тамшылатып суару технологиясы ендірілді.

Жыл қорытындысы бойынша 102 дана техника, құрал-жабдықтар мен түрлі агрегаттар алынған. Сонымен қатар, өткен жылы 35 бірлік мал бордақылау алаңдары, 8  шағын жанұялық сүт аулалары ашылды. Жыл қорытындысымен аталған бағыттар бойынша жоспарлар артығымен орындалған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым Еркебаева 09:25
Зейнеткерлердің зейнетақысы бес жыл бойы ұрланып келген
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.01.2022, 12:00
Жәйремдіктердің жанайқайы:«Мемлекеттік бағдарламамен берілген үйдің сиқы осы»
Мариям МАҚСАТ 20.01.2022, 08:53
Кім кімді алдады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.01.2022, 17:45
Қарағанды өңіріндегі дүрбелең қалай өрбіді?
Қайрат Балабиев 19.01.2022, 16:57
Атамекенді аялау – азаматтық парызымыз
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 19.01.2022, 15:33
Шымкент: шығын әлі есептеліп жатыр

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48