Мегаполисте 840 қоғамдық ұйым бар

Сайт әкімшілігі

18.11.2020, 15:45

233

Үшінші мегаполисте Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Қоғам және мемлекет: Серіктестік пен дамудың 30 жылы. «Birgemiz» атты  Азаматтық форумы өтті. Жиында азаматтық секторға қатысты көптеген түйткілдер талқыланды.

Жиында сөз алған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қоғамды дамытуға бағытталған әрбір жобаның мән-маңызын, өзге де мәселелерді бірлесіп талқылауға дайын екенін жеткізді.

– Қазақстанның бүгінгі жетістіктері елімізде азаматтық қоғамның қалыптасуымен тығыз байланысты. Осы орайда әлеуметтік бастамалардың жүзеге асуына қоғамдық ұйымдардың қосар үлесі зор. Шын мәнінде мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, қоғамдық сананың жаңғыруы азаматтардың белсенділігі арқылы жүзеге асатыны анық. Үкіметтік емес ұйымдардың басты мақсаты – халықпен тығыз байланыста болу. Президентіміз Қ.Тоқаев өз Жолдауында «азаматтық қоғамды дамыту және үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру» жайлы айтты. Үкіметтік емес ұйымдар Шымкентте де бірқатар әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ықпал етіп келеді. Бұл тұрғыда олар мемлекеттің сенімді серігі. Бүгінде Шымкентте 800-ге жуық ҮЕҰ жұмыс істейді. Азаматтық қоғам мүшелерінің қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлес қосып келеді. Азаматтық қоғам қалыптастыру – еліміздің бастапқы бағыты, — деді шаһар басшысы.

– Кеңес үкіметі күйреген кезде мемлекет кәсіпкерлікпен айналысатын функцияны кәсіпкерлерге берді. Мемлекет жақсы менеджер емес екенін мойындады. Мемлекет қонақүй, мейрамхана салумен айналыспайды. Мемлекет өзінің әлеуметтік жауапкершілігін ақырындап азаматтық секторға беріп жатыр. Түбінде мемлекеттің көптеген функциясын азаматтық сектор атқарады. Шымкентте 840 үкіметтік емес ұйым  бар болса, соның 100-ге жуығы ғана белсенді. Азаматтық Альянспен тығыз жұмыс істеп отырғаны 33. Осы мүмкіндікті пайдаланып Азаматтық Альянстың төңірегіне топтассаңыздар, сіздердің дауыстарыңыз да тиісті жеріне жететін болады, — деді жиында сөз алған Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары  Ш. Мұқан.

Шымкентет бүгінде  Қоғамдық кеңес мүшелерінің  60 %-ын азаматтық сектор мүшелері құрайды. Қарап тұрсақ, бұл – үлкен тетік. 2020 жылы 8 лот бойынша 75 млн теңге қаржы қаралыпты. Соның бірі – шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ үйрететін «Интеллектуалды ұлт» жобасы. Қазіргі таңда 134 мектепте 84 000 оқушы аптасына 1 рет шахмат пәнін оқиды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңлік АБАҒАН 16:00
Күдікті жазадан құтылып кете ме?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 26.10.2021, 15:55
Жастардың жұмыс жағдайы қалай ?
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 26.10.2021, 12:20
Бөкейде дүбірлеген той өтті
Миуа БАЙНАЗАРОВА 26.10.2021, 09:44
Сапалы білім – болашаққа құйылған инвестиция
Еркежан АРЫН 25.10.2021, 08:48
Қазақстандағы гендерлік саясат үнемі сабақтастық пен тепе-теңдік принциптеріне негізделген
Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 19:13
Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ауыр атлетикадан жасөспірімдер турнирі өтті

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01